П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет113/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   272
Бірінші кезең алғашқы және негізгі таңдау түрлерін өз ішіне алады. Алғашқы таңдау балалардың гимнастикамен шұғылдануға жалпы қажеттігін анықтау мақсатында іске асырылады. Ол таңдаудың барлық бес түрінің бағалау нәтижелерімен анықталады. Алғашқы таңдау кезінде бейімділікті, қабілетті, қызығушылық, денсаулығы, дене құрылысының ерекшеліктері, мектептегі сабақ үлгерімі, баланың гимнастикамен шұғылдануына ата-ананың қарым-қатынасы және оқушының өзімен әңгімелесу нәтижелері бағаланады. Алынған мәліметтер негізінде баланың гимнастикамен шұғыл-дану дәрістеріне қажеттігі туралы алдын-ала қорытынды жасалады. Бұл кезеңдегі зерттеу нәтижелері негізінен оқу-жаттығу процесінде оқушыға жеке және тұлғалық жағынан келуге, оның бойында спорт дәрістеріне деген және жалпы талапкердің төзімділік қабілетін, белсенділік пен саналы қарым-қатынасын тереңдетуге пайдала-нылады.
Таңдаудың екінші кезеңі жас гимнастикашыны әлі де терең зерттеуге әрі оның тереңдетілген спорттық дайындық бағдарламасын игеру, жоғары спорттық жетістіктерге жету мүмкіндіктерін алдын-ала болжау мақсатында қолданылады.
Таңдаудың үшінші кезеңі жауапкершілігі жоғары жарыстарға қатысу үшін құрама команда құрамына іріктеп алынатын спортшыларды анықтау мақсатына бағытталады. Бұл шара гимнастикашының тұлғалық болмысын, оның қабілетін, дене (жалпы және арнайы) дайындығын, шеберлік, такти-калық, теориялық, психологиялық дайындығын зерттеу нәтижелерін байыту негізінде іске асырылады. Спортшылардың психикалық және тұлғалық болмысына үлкен назар аударылады. Барлық ақпараттардың байытылуы команданың әрбір мүшесінің үлкен жетістіктерге жету мүмкіндігін шынайы салмақтап, алдын-ала болжам жасауға мүмкіндік береді [2, с. 368].
Спорт гимнастикасымен шұғылданушыларды таңдау кезінде тек тұлғаның гимнастика үшін маңызы бар ерекшеліктері (қабілеті) жайлы объективті ақпараттар ғана есепке алынады да, олар бірқалыпты және қимыл-қозғалыс жағдайында объективті әдістермен зерттеледі. Спорт гимнастикасы сабақтарына жарамдылық туралы анықтама көп жағдайда сыртқы болмысты, физикалық тұрғыдан дамуын және дене құрылысының ерекшеліктерін бағалаудан басталады. Таңдау, міндетті түрде, біздің көзқарасымызда әлемнің ең мықты гимнастикашыларының дене құрылысына жақын болып келетін балаға түседі.
Попова Н.К. төмендегідей бағалауды қолданады: гимнастикашылар спорт шеберлері дененің ұзындығы мен салмағы бойынша орташа не ортадан сәл төмендеу көрсеткіштерге ие адамдар қатарында болады. Олардың иық бөлігі аумағы өте жақсы дамыған (иықтары сәл ылдиланған), жамбас бөлігі тар, және салыстырмалы қысқалау бойымен бірге олардың бұлшықеті жақсы дамыған қолдары ұзын және түзу аяқтарының артық еті болмайды. Іш бөлігі батыңқы, ал, арқа бөлігі омыртқаның табиғи иілуі анық байқалатын бұрыштарға ие болмағандықтан, сырт қарағанда түптүзу секілді болып көрінеді [3, с.448].
Жас гимнастикашыларды сырттай ұзақ бақылау негізінде қалыптасқан нәрсе олардың дене құрылымының ерекшеліктері, дене құрылысындағы ауытқулар және дене дамуының негізгі көрсеткіштері дене салмағы мен ұзындығы болжамдық дүние. Сыртқы белгілердің ортақтығы (фенотип)
7 жаста-ақ спортшының дене қалыптасуын болжауға мүмкіндік береді. Таңдау кезінде дене қалыбы мен физикалық даму көрсеткіштеріне қарай төмендегі ерекшеліктерге назар аударылады:
1. Барлық жастағы топтардағы гимнастикашылар (ұлдар мен қыздар) спортпен айналыспайтын өз қатар құрбыларынан дененің салмағымен ұзындығының көрсеткіштері бойынша кейін қалады;
2. Дене қалыбы, мойын, қол, аяқ ұзындығы дене қатынасына қарай уақыт өтуімен жасөспірім гимнастикашыларда тым аз өзгерістерге ұшырайды;
3. Қол мен аяқ буындардың артық не кем иілгіштігі мен жалпы формасы өзгермейді. Қолдың не аяқтың артық иілгіштігі жиі жарақаттануға бастайды;
4. Таңдау кезінде балалардың мүсінінде болатын айқын ақаулар (сколиоз және кифоз) жаттығулар барысында міндетті түрде орныға түседі;
5. Оқу-үйрету сапасына, әсіресе, шеберліктің өсуіне шектен тыс бел лордозы кері әсер етеді;
6. Жас гимнастикашылардың физикалық дамуы өзіндік ерекшеліктерге ие бола тұра, антропометрикалық көрсеткіштердің жай және жылдам қалыптасудың жас ерекшеліктеріне қарай дамудағы жалпы даму заң-дылықтарына бағынады. Бұл оны ертерек көру (болжау жасау) мен оған орай көпжылдық дайындықты жоспарлауға мүмкіндік береді;
7. Спорттың басқа түрлерімен шұғылданатын ешбір спорт түрімен айналыспайтын құрбы-құрдастары мен қатарларына қарағанда гим-настикашылар үшін жыныстық жетілу ретардация (баяулау) кемінде екі-үш жылға баяулайды [4, с. 140].
Гимнастикаға балаларды таңдауда физикалық дамудың басты көрсеткіштері бойынша арнайы жасалған стандарттарға бағдарлануы керек.
Қорыта айтқанда, шағын ғана мақалада көптеген авторлардың еңбектерін салыстыра отырып гимнастикаға іріктеу үлкен мәселе екендігінде жалпылай мағлұмат берілді деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет