Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет12/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Науқастың отырысы белсенді, енжарлы және мәжбүрлі болып бөлінеді.

Белсенді отырыс - бұл жеңіл дәрежелі ауруларда немесе аурудың бастапқы кезеңінде болады. Науқас жағдайын тез өзгерте алады.

Еңжарлы қалыптағы пациент қимылсыз болады. Баспен аяқ қолдары ауырлық күшіне байланысты, салбырап жатады, денесі төсектің аяғына сырғып кетеді. Өз - өзін күтуге жарамсыз.

Мәжбүрлі қалыпты пациент өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту немесе тоқтату үшін қабылдайды.

Мысалы: бір бүйіріне жату, ауырған немесе сау бүйіріне, ішіне бүрісіп, аяқтарын бүгіп жату, қалшиып қатып қалу, шалқасында жату, ішпен етбетінен еріксіз жату.



  • Құрғақ плевритте ауырған бүйірін қысып жатады.

  • Қабырға сынғанда сау жағында жатады.

  • Ортопноэ - қатты ентіккен кезде төсекте амалсыз тік отыру қалпы, ентігуді азайтады.

  • Амалсыз шынтақ пен тізеге сүйену қалпы экссудативті перикардитте болады.

Дене бітімі. Бұған науқастың салмағы, бойы, конституциясы жатады.

Конституция- ағзаның морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы, 3 типте болады.



Астениялық түрі- дененің тік өлшемдері көлденең өлшемдерден ұзын болуы. Аяқ - қолдары денеден ұзын. Май-шел қабаты 1 см кем.

Гиперстениялық түрі - дененің көлденең өлшемдері тік өлшемге қарағанда басым болуы. Аяқ-қолдары қысқа. Май-шел қабаты 1 см артық.

Нормастениялық түрі - астениялық типпен гиперстениялық типтің арасындағы орташа тип.

Теріні қарау. Терінің түсіне, эластикалық қабілетіне, ылғалдығына, бөртпелерге, тыртықтарға көңіл аударамыз.

  • Терінің түсі бозғылт, сарғыш, жер түсті, күл түстес немесе қоныр болуы мүмкін.

  • Терінің эластикалық қабілетін немесе тургорын екі саусақпен теріні бүгу арқылы анықтаймыз.

  • Терінің ылғалдығы - көбіне терлегенде болады.

  • Терінің бөртпелері - әр- түрлі болады: петехия, пурпура, эритема, күлбір,

қабыршықтар.

Тері асты май қабатының дамуы – қалыпты, төмендеген және жоғарлаған болуы мүмкін. Сонымен қатар ісінулердің бар жоқтығын көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет