Аяқ-қолдарды қарау. Тамырлардың варикозды кеңеюін, ісіктің бар жоқтығын, терінің, бұлшықеттің өзгерісін, аяқ-қолдың дірілдеуін, деформациясын, буын маңының гиперемиясын, ісігін қараймыз және тыртық, жараларға көңіл бөлеміз. Табанның формасын қараймыз/жалпақ табандылық/.
Пальпация
Пальпация - сипап, басқан кезде саусақтардың сезімталдығына негізделген әдіс. Бұл әдіспен ұлпалармен мүшелердің физикалық қасиеттерін, өзара топографиялық орналасуын, сезімталдығын және ағзадағы кейбір функционалды өзгерістерін анықтайды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғалымдары В.П Образцов, Н.Д Стражеско, Боткин С.П.
Достарыңызбен бөлісу: |