Директордың ақпараттық технологиялар жӛніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады, оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалар үшін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.
Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады. Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады;
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
Оқу-материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру, қызмет кӛрсету, жӛндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Санитариялық-гигиена режимдері, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын, белгіленген есепті құжаттамаларды уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы
қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын.
Білім беруді дамыту, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларын, және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі ғылым мен практиканың жетістіктері, басқарудың жаңашыл әдістері, менеджмент, қаржы-шаруашылық қызметтер негіздері. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережелер, ӛртке қарсы қорғаныс, санитариялық нормалар мен қағидаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және педагогикалық ӛтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |