«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік
біліктіліксипаттамалары ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.31.10. № 602 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбыжаңаредакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚРБілімжәнеғылымминистрінің2011.09.06.№241Бұйрығыменжалпыережелербөлімікіріспементолықтырылды Осы Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті.
Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады:
құрылымдық бӛлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рӛлін анықтайтын ережелер жасау;
қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;
кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан ӛткізу.
Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада кӛрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бӛлімнен: «Лауазымдық міндеттері»,
«Білуге міндетті» және «Біліктілікке қойылатын талаптар» бӛлімдерінен тұрады.
«Лауазымдық міндеттері» бӛлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және ӛзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды.
«Білуге міндетті» бӛлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.
«Біліктілікке қойылатын талаптар» бӛлімі қызметкердің кӛзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс ӛтіліне қойылатын талаптарын айқындайды.
Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы кӛрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады.
Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді.
Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады: ӛндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы.
Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық- техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді.