«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы


Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жӛніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)



бет5/9
Дата10.04.2022
өлшемі58,46 Kb.
#138706
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10 kaz

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жӛніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)


Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми- әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ, қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.


Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу ӛткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.
Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктер мен эксперименттік жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттаудан ӛткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, кӛрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және кӛркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және кӛрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Білім алушыларға медициналық қызмет кӛрсету жағдайына бақылау жасайды.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,
«Қазақстан Республикасы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»,
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және ӛртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет