IP адрес. ТСР/ІР хаттамасы. Хаттамалар туралы. Интернет хаттамалары Хаттама– компьютерлік желілер арасында ақпарат тасымалдауды анықтайтын келісімдер мен ережелер жиынтығы. TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Internet Protocol) – мәліметтерді бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама. Интернет желісінің хаттамасы (IP) – желінің бір жұмыс станциясынан келесісіне хабарлар кестесін жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі хаттама. Желідегі мәліметтерді дер кезінде тиімді маршрут таңдап, дұрыс жеткізу мақсатында АҚШ Қорғаныс министрлігі жасап шығарған. Ол жергілікті желілер мен хосткомпьютерлерді жалғастырып, Internet желісінде, UNIX ортасында кең қолданылатын TCP/IP хаттамалар тобына кіреді. IP (Internet Protocol) дегеніміз не?