Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет60/87
Дата06.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#35799
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87
Пысықтау үшiн сұрақтар:

  1. Қабылдау дегенiмiз не? Оның түйсiктен айырмашылығы неде?

  2. Қабылдаудың тұтастығы дегендi қалай түсiнуге болады?

  3. Қабылдаудың мағыналары мен таңдамалылығы деп ненi айтамыз?

  4. Қабылдаудың константтылығы дегенiмiз не?

  5. Иллюзия деп ненi айтады? Оның қандай түрлерi бар?

  6. Апперцепция деген не? Оның қандай түрлерi бар?

Оныншы дәріс.
Тақырып: Қабылдау.
Мақсаты: Адамдардың қабылдаудағы жеке ерекшеліктерін түсіндіру, балада қабылдау процесінің дамуын сипаттау.
Мазмұны:
1 Қабылдаудың жеке ерекшеліктері.

  1. Байқау және байқағыштық.

  2. Балада қабылдаудың дамуы.

Қабылдаудың жеке ерекшеліктері.
Қабылдаудың ерекшеліктері өмірлік тәжірибе, тұлғаның бағыттылығы, қызғушылық, рухани байлықпен қатар , жеке ерекшеліктерге де байланысты. Ол қандай ерекшеліктер ?
Адамдар біріншіден, ақпаратты қабылдау сипатына қарай ерекшеленеді. Көптеген зерттеулер көрсеткендей , қабылдаудың синтетикалық типі , яғни бөлшектерге мән бермеу, оларға мән беруді ұнатпау. Қабылдаудың аналитикалық түрінде керісінше, бөлшектерге , олардың толықтай қамтылуына мән беріледі.
Екіншіден, - алынған ақпаратты бейнелендіру сипатына қарай. Бұнда қабылдау суреттеуші және түсіндірмелі болып бөлінеді. Суреттеуші түрі ақпараттың фактілік жағына бағдарланған : оқып, естіп , көргеннің барлығын жиі мән-мағынасына түсінбей қабылдау. «Өз сөзіңмен айт»
Түсіндірмелі түрі тікелей қабылданғанмен қанағаттанбау. Ақпараттың жалпы мәнін түсінуге тырысады.
Үшіншіден - тұлға ерекшеліктерінің сипатына қарай.Бұнда қабылдау объективті және субъективті болып бөлінеді. Объективті қабылдау адам қабылдаудың дәлдігіне бағдарланғанда, субъективтіде қабылданған зат немесе нәрсеге субъективті қатынастың болуымен сипатталады.
Байқау және байқағыштық.
Байқау дегеніміз - белгілі мақсатпен объектіні арнайы бақылау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілу қажет. Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт оны жүйелі қадағалау керек. Бұл – байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады.
Байқағыштық – адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық – кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмей нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.. Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты , адамның әрдайым қабылдауға даярлығын білдіреді. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына , алған тәлім –тәрбиесіне , мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты. Байқағыштық - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын- жазушының өмірінде орын алады.
Қабылдаудың кейбір түрлері (көру, есту, қозғалыс, сипап сезу) түйсіктің түрлеріне қарағанда күрделі болады. Демек, қабылдауда бірнеше анализаторлар жұмыс жасайды.
Балада қабылдаудың дамуы.
Мектепте мұғалім оқушы қабылдауын дамытуда мына шарттарды орындауы:-
1) Көрнекі құралдарды пайдалана білу.
2) Оқушы қабылдаудың мақсатын айқын ұғынуына, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісіне түсінуге жағдай жасайды.
3) Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды бұрынғы біліммен үнемі байланыстырып отыруға зер салу.
4) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға, оқу материалының түрі, көлемі, ауыр-қиындығы еске алынып, балалардың қабылдауының сапалы болуына мұғалім тарапынан дұрыс нұсқау беруге байланысты.
5) Оқушылардың байқағыштық қасиетін тәрбиелеу үнемі есте болған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет