Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет23/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия
www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 9 б класс туралы малимет, Анест исправ 2021
Превенар 13– бірнеше вакцинация жүргізу схемасы бар, біздің Республикада вакцинация 2 рет: баланың 2 және 4 айында; ревакцинация 12-15 айында жүргізіледі. Сонымен, вакцина санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке 3 рет жүргізіледі.
Манту сынамасы– екпе емес!!!, бұл диагностикалық туберкулиндік сынақ, ол туберкулезге қарсы иммунитеттің немесе осы инфекцияның бар – жоғын анықтайды



Вакциналардың барлық түрлеріне тұрақты жалпы қарсы көрсеткіштер:
Вакцинаны енгізгеннен 48 сағат өткеннен кейінгі күшті реакция (дене температурасының 400С және одан жоғары болуы, баланың 3 сағаттан артық ұзақ жылауы, фебрильді немесе афебрильді тыртысу, гипотониялық-гипореактивті синдром (коллапс);
Алдыңғы осы вакцинаны енгізудегі асқынулар: (екпе жүргізгеннен кейінгі 24 сағат ішінде дамыған анафилактикалық шок, жедел аллергиялық реакциялар (Квинке ісігі, есекжем, бронхообструкция және т.б.), вакцина енгізгеннен кейінгі 7 күн ішінде дамыған энцефалит немесе энцефалопатия).
Тірі вакциналарды (БЦЖ, КҚП және ОПВ) енгізуге тұрақты қарсы көрсеткіштер):
тұрақты иммундық жетіспеушілік;
АИВ-инфекциясының клиникалық көріністері;
қатерлі қан аурулары мен қатерлі ісіктер;
жүктілік.
Вакциналардың барлық түрлеріне уақытша және жалпы қарсы көрсеткіштер:
температурасына байланыссыз орташа және ауыр дәрежелі жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, сауыққаннан 2-4 апта өткеннен кейін иммунизация жүргізіледі;
әртүрлі патологияларда стероидтарды және басқа иммуносупрессивті қасиетке ие препараттарды қолдану (преднизолон бойынша тәулігіне салмағына есептегенде >1 миллиграмм, 14 күнненнен артық жүйелі қолдану);
орталық жүйке жүйесінің жедел аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – сауыққан күннен бастап 1 жылға дейін вакцинация шегеріледі;
жедел гломерулонефрит – сауыққаннан бастап 6 айға дейін; нефротикалық синдром – кортикостероидтармен емдеу аяқталғанға дейін иммунизация шегеріледі;
созылмалы үдемелі аурулары бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді; созылмалы аурулары бар адамдарға толық ремиссия кезеңінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет