Пән бойынша дәріс материалдары


-дәріс Материалдық емес активтер есебі



бет16/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз
Семинары 1-7, Сандық анализ зерхана
9-дәріс
Материалдық емес активтер есебі

Материалды емес активтер қаржылық есептіліктің халықаралық «Материалды емес активтер есебі» атты стандартына сәйкес келесі бағалар түрлері бойынша есепке алынады:


Бастапқы құн – бұл материалды емес активтерді құру немесе алу кезінде ақшалай немесе оның эквивалентімен төленетін немесе ағымдағы бағадағы немесе басқа да компенсациялардың құны. Материалды емес активтердің бастапқы құнының өлшемі, бұл материалды емес активтің сырттан сатып алынатынына немесе ұйымның өзімен құрылатынына байланысты.
Материалды емес активтер ұйымды сатып алу, біріктіру нәтижесінде, мемлекеттік субсидия, айырбастау есебінен алынады.
Ақша және оның эквивалентімен сатып алу нәтижесінде алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны , ұйымды сатып алуға кететін нақты шығындардың соммасы (төленген өтелмейтін салықтар мен алымдарды және материалды емес активтерді пайдалануына дайын түріне әкелуімен байланысты шығындарды қоса) ретінде мойындалады.
Ұйымды біріктіру нәтижесінде алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны сату құны бойынша мойындалады.
Сату құны – бұл келісімді жүргізуге дайын және хабардар тәуелсіз жақтардың арасында айырбастауы мұмкін материалды емес активтердің құны. Егер біріктірілген ұйымның бөлігі ретінде алынатын материалды емес активтердің сату құны шыңайлы анықтау мүмкін болмаса, онда актив бөлек материалды емес актив болып мойындалмайды, алайда гудвиллдің ішіне кіреді.
Сатып алушы материалды емес бабын, егер ол материалды емес активті мойындаудың критерийлері мен анықтамасына жауап беретін болса және егер де ол сатып алынатын ұйымның қаржылық есептілігінде материалды емес актив ретінде мойындалмаса да, материалды емес актив ретінде мойындайды.
Мемлекеттен тегін, номиналды құны, немесе мемлекеттік субсидия есебінен алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны шыңайлы болып табылатын сату құны бойынша мойындалады (егер ол осы материалды емес активтің түрі активті нарық есебінен анықталса). Осы материалды емес активтің активті нарығы жоқ болған жағдайда, олардың бастапқы құны нолдік немесе номиналды құны немесе материалды емес активті пайдалануына дайын түріне әкелуімен байланысты нақты шығындардың соммасы ретінде мойындалады.
Ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынатын материалдв емес активтің бастапқы құны алынатын немесе төленетін ақша соммасына түзетілетін айырбас негізінде алынатын активтің сату құны бойынша мойындалады. Ұқсас активтке айырбастау нәтижесінде алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны активті құру және дайындауға кететін нақты тікелей шығындар және үстеме шығындар соммасы бойынша мойындалады.
Материалды емес активтердің жойылу құны нолге тең болып есептеледі, егер:

Материалды емес активтердің бухгалтерлік есебі келесіні қамтамасыз ету керек:

  • олардың келіп түсуімен, орын ауыстырумен немесе шығысталуымен байланысты есепте барлық өзгерістерді көрсету және құжатты дұрыс және уақтылы рәсімдеу;

  • материалды емес активтердің әр бір объектісінің рационалды пайдалануына және сақталуына бақылау жасау;

  • есепте материалды емес активтердің амортизация соммасын уақтылы және дұрыс есептеу мен көрсету;

  • материалды емес активтерді сату және басқа да шығысталу нәтижесін есепте нақты көрсету;

  • материалды емес активтердің уақтылы және толық түгендеу жүргізу және оның нәтижесін есепте көрсету.

Көрсетілген сатыда материалды емес активтер есебінің тәртібі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет