Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет23/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Қабылдау бөлімінің құрылысы:

  • Күту залы - бұл науқастарға, оларды әкелген адамдарға арналған орын. Бұл жерде орындықтар жеткілікті болуы керек.

  • Кезекші мейірбике бөлмесі - бұл жерде жаңадан келген науқастарды тіркеу, қажетті құжаттарды толтыру өткізіледі

  • Тексеру бөлмелері – дәрігерлердің (терапевт, хирург, гинеколог) науқастарды қарауға арналған бөлмесі.

  • Жұқпалы ауруға күдік болған жағдайда науқастарға арналған оқшаулағыш (изолятор) бөлме.

  • Санитарлық тазалау бөлмесі.

  • Кіші операциялық бөлме.

  • Манипуляциялық бөлме.

  • Рентген бөлмесі.

  • Зертхана.

  • Әжетхана.

Қабылдау бөлімшесінің міндеттері:

  • Науқастарды қабылдау және тіркеу;

  • Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;

  • Антропометрия жүргізу;

  • Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;

  • Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;

  • Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау. 

  • Қабылдау бөлімшесіндегі мейірбикенің қызметтері:

  • Жұмыс орнын дайындау, егу бөлмелеріне қажетті барлық заттарды түгелдеу;

  • Науқастың жолдамасымен танысу және кезекші дәрігердің бөлмесіне алып бару;

  • Өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау және кезекші дәрігерге жіберу;

  • Түскен науқастардың дене қызуын өлшеу (003 формасы);

  • Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру, науқастарды педикулезге қарау;

  • Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау;

  • Процедуралық қарау және таңу бөлмесінде жұмыс жасағанда асептика мен антисептика ережелерін сақтау;

Нұсқауларға сәйкес шприцтерді, аспаптарды және материалдарды залалсыздандыру;Жұқпалы аурулар және педикулез жайлы телефонограммаларды, белсенді шақыруларды санитарлық – эпидемиологиялық станцияға уақытында беру;Жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу керек.Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп:Әрбір ауруханаға түскен науқастың терісін, тамағын, дене температурасын мейірбике міндетті түрде жұқпалы аурулар белгілеріне тексеру керек. Тамағын көруге шпательді қолдану керек, қолданған шпательді 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойып, термометрді 1% лизоформин ерітіндісіне 15 минутқа салып, науқасты жатқызған кушетканы 1% лизоформин ерітіндісімен екі қайтара 15 минут үзілісімен сүртіп алу қажет. Тексеріп болғаннан соң қолды сабындап жуып, жеке сүлгімен сүртіп, сүлгіні тәулігіне бір рет ауыстырып отыр.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу мақсатында науқастарды санитарлық тазалаудан өткізу керек. Арнайы санитарлық тазалауды өз бөлмесінде жүргізу керек, оның бірнеше түрі болуы мүмкін: толық ванна, жартылай ванна, жекелеген мүшелерді жуу.Дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелері әр науқастан кейін ауыстырып тұруға арналған жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар болуы тиіс.Қабылдау бөлімшесінің барлық бөлмесінде тікелей табиғи жарық болуы қажет. Сырқат киініп - шешінгенде тоңып қалмау үшін бөлменің температурасы 25˚С-тан төмен болмауы керек. Сырқаттың киімдерін сақтайтын бөлме қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет.Түскен науқастарды тіркеу және қажетті құжаттарды толтыру қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі. Қабылдау бөлімінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады.Егер сырқат ауыр күйде немесе ессіз жағдайда түссе, мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскен сырқатты тез арада арнайы бөлімшеге жібереді, онда мамандандырылған жәрдем көрсетіледі. Сырқаттардың көпшілігі медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып-шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттардың құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта сақталады, заттар қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейірбикенің жауапкершілігінде болады.Егер сырқаттың жай - күйі орташа дәрежеде болса, мейірбике оның денесін, әсіресе шап терісінің қыртыстарын, қолтық астын, әйелдердің емшек бездерінің астын дезинфекциялайтын ерітінділердің (камфора спирті, иіс суы) біріне батырылған дымқылданған сүлгімен сүртеді.Ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде сырқатты жуып-шаюдан өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтар, зарарсыздауға арналған құралдар болуы тиіс. Олар арнайы осы мақсатта бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.Науқас қабылдау бөлімшесінде барынша аз уақыт болуы тиіс. Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу шараларын қабылдау үшін бактериологиялық сынамаларды алу қажет.Науқасты санитарлық жуып-шаюдан кейін, оны ауруына сәйкес аурухананың арнайы бөлімшесіне жібереді.Қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері науқасты аурухананың күн режимі мен ішкі тәртібімен таныстыруға, туысқандарымен кездесетін күндері мен сағаттары туралы айтуға, сырқаттың аурухана режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны жөнінде сыпайы түрде ескертуге міндетті. Дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызу сұрағы шешілгеннен соң қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың дене қызуын өлшеп, «Науқастарды қабылдау немесе жатқызбау» журналына тіркейді. Журналға науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, кім жібергені, жіберген мекеменің диагнозы, қабылдау бөлімінің диагнозы жазылады. «Ауруханадағы науқастың медициналық картасының» титулды бетін мейірбике толтырады.Егер науқастың жағдайы орташа ауырлықта болса, мейірбике дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетуге тиісті, кезекші дәрігерді жылдам шақыртып, дәрігердің тағайындауларын тез орындауы керек.Егер қабылдау бөлімшесіне науқас көшеден ес-түссіз жағдайда, құжатсыз түссе, мейірбике алғашқы көмекті көрсетіп, милицияға хабарлауы тиіс. Түскен науқастың бойы, киімі, дене бітімі туралы барлық мәліметтер көрсетіледі. Тұлға есімі анықталғанша науқас «белгісіз» деп көрсетіледі.Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс) түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау бөлімшесіне тіркейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет