Омыртқалары зақымдалған науқастарды қатты төсеніште горизонталді арқасына жатқан қалыпында тасымалдау қажет, егер қатты төсеніш болмаса – қарапайым жартылай жұмсақ зеңбілде ішімен жатқан қалпында. Омыртқаның мойын бөлігінің зақымдалуында — арқасында жатқан қалпында, иммобилизациядан кейін басын артқа шалқайтамыз. Омыртқалары зақымдалған науқастарды қырымен жатқызуға тыйым салынады!
Қабырғалар сынығымен науқастарды отырған немесе жартылай отырған қалпында тасымалдайды (жалпы жағдайына байланысты). Экссудативті плевритті, пневмоторакспен және кеуде қуысының енген жарақаттары кезінде науқастарды жартылай отырған қалпында немесе зеңбілдің бас жағын көтеріңкі қалыппен тасымалдайды.Құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаты және ішкі қан кетулер кезінде – науқасты арқасына жатқызып, құрсақ прессін босату мақсатында тізе астына бүктелген көрпені қояды. Жамбас сүйектерінің сынығы кезінде науқастарды тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүгіп арқасында жатқан қалпында тасымалдаймыз; сан сүйектері екі жаққа ашылған; тізе астына жұмыр жастық қою міндетті. Аяқтарының сынығы кезінде – таңғыш қалаққа зақымдалған аяғының астына жастық немесе көрпе саламыз. Егер қан кеткен жағдай болса – аяқтарының қалпын жоғарлатамыз.Қарақұс аймағында жарақат, сынық немесе басқада зақымдалу болса маақта-дәкелік айналым қоямыз. Бас сүйектерінің сынығы кезінде зеңбілдің бас жағын төмендетіп, жастықсыз арқасымен жатқан қалпында тасымалдаймыз. Бас жағына көрпеден, киімнен немесе ауамен үрілген жұмыр жастық саламыз. Бас сүйегінің бет сүйектерінің жарақаттарында және мұрыннан, ауыз қуысынан қан кетулер болса науқасты отырған қалпында тасымалдаймыз. Жақ сүйектері зақымдалса ішімен жатқызып, маңдайының және кеудесінің астына жұмыр жастық саламыз (киімнен немесе қолда бар заттан).Күйік жарақатты науқастарды сау жағына жатқызып көрпемен, ал күйген жағына зарарсызданған жаймамен мұқият жабамыз. Өкпе ісінуі, бронх және жүрек демікпесі ұстамасы кезінде науқастарды горизонталді қалыпта жатқызуға тыйым салынады, тасымалдау отырған қалпында, ал балаларды вертикалді қалыпта қолымызға ұстап тасымалдаймыз.Арнайы зеңбіл болмаса қолда бар затпен дайындауымыз қажет (сырық, қада, тақтай, пальто, көрпе, қап және т.б.). Жасалған зеңбілдер мықты болып науқас салмағын көтеруі қажет (сурет 14).