Медициналық (а) және қолдан жасалған зеңбілдер (б, в).
Қатты қолдан жасалған зеңбілдермен тасымалдағанда науқас астына жұмсақ зат салу қажет (киім, шөп және т.б.). Тасымалдайтын бауды 2—3 қайыстан, брезент кескіндерінен, жаймадан, орамалдан, жуан жіптен және т.б. заттардан жасауға болады (сурет 35).
Пәтерде, сатымен зеңбіл арқылы науқасты тасымалдау мүмкін болмаса, оны жұмсақ көрпеге салып тасымалдаймыз. Зеңбілді подъезд алдына қойып, науқасты қолмен көтеріп, лифтіде — орындыққа отырғызу арқылы тасымалдаймыз.
Аурухана ішілік тасымалдауға каталка қолданамыз – бұл дөңгелектері бар зеңбіл.
Науқасты тасымалдайтын каталка (зеңбіл)
Каталкада тасымалдау – ыңғайлы және аяу әдісі болып табылады. Науқасты каталкаға ыңғайлы қалыппен орналастырып, науқас қолдарын тасымалдау кезінде ығысып кетпеуі үшін кеудесіне немесе ішіне қойып тасымалдайды. Каталкадағы науқас қалпы дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына әкеледі, науқастың күш жұмасауын талап етпейді. Артқы тасымалдаушы науқас жағдайын үздіксіз бақылауына алады.
Науқасты зеңбілден (каталкадан) төсекке ауыстыру кезінде зеңбілді дұрыс қою қажет. Науқасты ауыстырушылар қысқа жолды таңдауы қажет. Бұл жағдайда палата көлемі және кереует қасындағы бос жер есепке алынады.Ауыстыру кезінде ең бастысы – науқасты құлатып алмау, сондықтан физикалық күшті әйел адамдар немесе мүмкіндік болса ер адамдардың болғаны дұрыс. Осыған байланысты медициналық қызметкерлердің ауырлықты көтергенде дұрыс дене биомеханикасының шарттарын қолдануы қажет.
IV. Жаңа сабақты бекіту 1. Мейірбике ісіне қатысты құжаттар?
2. Ауыру тарихы қалай толтырылады?
3. ф № 001/у, ф № 003/у?
4. Температуралық парақты толтыру ережесі?
5. Мейірбикелік процесс картасы дегеніміз не?
6. Емделушіні бақылау бойынша мейірбике күнделігі қалай толтырылады?
7. Бағалаудың жеке жоспар картасы?