VI. Үй тапсырмасы – 2мин.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Студенттермен амандасу, оларды түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын тексеру
б) Бас киім, халатын, бейджігін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Сұрау, қорытындылау
ә) Ашылмаған мәселелерді талқылдау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:
Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал –ф. №001/у.
ф. №003/у.3. ф. №066/у.
ф. №058/у.5. ф. №060/у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 |у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) толтырады.Ауруханаға туушы әйелдер мен жұқпалы аурулардан баска науқастардың барлығы орталық кабылдау бөлімі арқылы түседі.
Науқасты ауруханаға қабылдауға қажетті заттар тізімі: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы. Ауруханаға жататын науқастың медициналық картасы /Ф-003у/, дене қызуын белгілейтін қағаз, термометр, шпатель, бой өлшегіш, таразы, гигиеналық ванна немесе душ.
Іс- әрекеттер :
Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
«Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
«Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналына енгізіледі:
түсу күні, уақыты;
аты-жөні, тегі;
туған күні, айы, жылы;
жолдама берген мекеменің диагнозы;
науқасты қайда жатқызғаны;
Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.
Алынған мәліметті (дене қызуы, антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.
Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.
Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.
Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.
Науқасқа аурухананың киімдерін кигізіп, жатқызылған бөлімшедегі палатаға алып барыңыз. Сондай-ақ бөлімшедегі науқастар жағдайының динамикасын бақылай отырып, тексеру нәтижелеріне қорытынды жасап клиникалық диагнозы қойылды. Клиникалық диагнозды АХЖ-10 бойынша сәйкес кодты көріп стационарлық науқастың картасына тіркейді. Стационардан шығатын науқастардың эпикризін толтырып, стационардан шыққан адамның статисткалық картасы (066/у) бланкысын рәсімдейді.
Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.Жедел жәрдем автокөліктерінде науқасты зеңбілде (диагнозына сәйкес) бас жағын немесе аяқ жағын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Балаларды қолда ұстап тасымалдайды. Фельдшер көліктің салонында науқаспен бірге болып, оның жағдайын бақылап, қажет жағдайда көмек көрсету керек. Науқас туыстарының немесе таныстарының науқаспен бірге еріп баруын шешу фельдшердің құзырында. Балаларды ата-анасының қатысуымен тасымалдайды. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаудан кейін жедел жәрдем автокөлігінде дезинфекция жүргізеді. Персонал халатын ауыстыруы қажет. Біреуден артық жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды бірге тасымалдау мына жағдайда, егер бір жұқпалы аурумен ауырса және жұқпалы кезеңінің дәрежесін есепке алған жағдайда жүргізіледі. Өте ауыр жағдайдағы науқастардың тасымалдануын тек реанимация бригадалары жүзеге асырады. Тасымалдау алдында жағдайын тұрақтандыру мақсатында емдік іс-шаралардың кешенін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |