Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет35/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз: бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ертіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ертіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
IV. Жаңа сабақты бекіту

    1. Антропометрия дегеніміз не?

    2. Бой өлшеу кезінде қажетті құрал-жабдықтарды көрсетіңіз?

    3. Көкірек қуысын не үшін өлшейді?

    4. Салмақ өлшеудің іс-әрекет алгоритімін көрсетіңіз?

V. Қорытындылау.
Студенттерді бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру.
Антропометрия. Бой өлшегішпен бой өлшеу және салмақ өлшеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет