ЗӘР ҚАБЫЛДАҒЫШТЫ БЕРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, науқастың физиологиялық бөліп шығаруларын қамтамасыз ету, зәр бөліп шығаратын жолдардың төменнен жоғарыға көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек және төсек тәртіптерінде жатқан науқастарға қуықты босату кезінде қолданылады.
Дайындаңыз: зарарсыздандырылған зәр қабылдағышты, залалсыздандырылған дәке сүрткілерін, клеенканы, жаялықты, резеңкі қолғаптарды, кермені, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқастың кереуетінің жанына кермені қойыңыз.
Көрпені қайырып тастаңыз, науқастың аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшайтуын өтініңіз. Егер ол осыны өз бетімен істей алмайтын жағдайда болса, онда оған көмектесіңіз.
Науқастың жамбасының астына клеенканы, содан кейін жаялықты төсеңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.
Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алыңыз және оны науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.
Сол қолыңызға дәке сүрткілерін алыңыз,онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.
Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке сүрткілерін алып тастаңыз.
Науқасты көрпесімен жабыңыз және оны жалғыз қалдырыңыз.
Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинаңыз. Науқасты жауып, кермені жинап алыңыз.
Зәр қабылдағышты, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа дәке сүрткілерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Көзді күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, қалі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Достарыңызбен бөлісу: |