Пән: «Медбике ісі негіздері» Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі» Біліктілік



бет82/116
Дата28.09.2022
өлшемі411,99 Kb.
#150994
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116
Байланысты:
КЕШЕН 2021-2022Ж

Диеталық столдар
№ 1 диеталық стол – Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.
№ 2 диеталық стол – Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.
№ 3 диеталық стол – Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы.
№ 4 диеталық стол – Іш өтумен сипатталатын энтериттер.
№ 5 диеталық стол – Бауырдың және өт жолдарының аурулары.
№ 6 диеталық стол - Подагра ауруы.
№ 7 диеталық стол - Бүйрек аурулары.
№ 8 диеталық стол – Семіздік.
№ 9 диеталық стол – Қант диабеті ауруы.
№ 10 диеталық стол – Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары.
№ 11 диеталық стол – Туберкулез ауруы.
№ 12 диеталық стол- Жүйке-психикалық аурулар.
№ 13 диеталық стол – Жедел жұқпалы аурулар, қызба кезеңдері.
№ 14 диеталық стол – Несептің сілтілі реакциясы мен фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия.
№ 15 диеталық стол – Жалпы стол, арнайы диеталық стол тағайындауға көрсетпелердің болмауы және ас қорыту жүйесі қызметінің қалыпты болуы.
Тамақтану тәртібіне /диета/ сипаттама
№ 0 диета
Асқазан мен ішек операциясынан кейін бірінші күндері 3 күнге тағайындалады. Тамақ сұйық болуы керек. Құрамы: 10г қант қосылған шәй, жеміс-жидек киселі, алма компоты /алмасыз/, қайнатпа сарымайы бар күріш қайнатпасы және қанықтырылмаған ет сорпасы. Тамақ 2 сағат сайын беріледі.
№ 1 диета
Тағайындалуы: Асқазан, ұлтабар жарасы, қышқылдығы жоғары созылмалы гастрит.
Сипаттама: асқазан және он екі елі ішектің кілегей қабығын механикалық, термиялық, химиялық қорғау.
Тамақ ауқымы толығымен ұнтақталған болуы керек, тек қана қайнатылған тағамдар қолданылады. Тамақты тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: өткен күнгі қара және ақ нан, кептірілген ақ нан. Сүт, ұнтақталған көкөніс /орамжапырақтан басқа/, сүтті сорпалар. Буға піскен котлет, пісірілген тауық еті және балық. Буға піскен омлет. Тәтті жемістер, қайнатпалар, кисель, сүт, қаймақ, ірімшік, шәй.
Рұқсат етілмейтіндер: ауыр сіңірілетін көкөністер /қызылша, сәбіз/, сорпалар, 0тұздықтар, саңырауқұлақтар.
№ 2 диета

Тағайындалуы: Қышқылдығы төмен созылмалы гастрит.
Сипаттамасы: механикалық қорғайтын, бірақ асқазан сөлінің секрециясын күшейтетін тамақ. Тамақ дайындау әдісі – қайнатылған және пісірілген.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: кептірілген және өткен күнгі жәй ақ нан. Ет және балық сорпасында дайындалған жарма мен көкөністер. Сиыр, тауық еттерін қуырмай қолдану. Пісірілген жеміс, көкөніс, жаңа сүт өнімдері, соустар, тұздықтар, кофе, шәй. Жентектелген жұмыртқа, қуырылған омлет.
Рұқсат етілмейтіндер: бұршақтар мен саңырауқұлақтар.
№ 3 диета
Тағайындалуы: Іш қатумен сипатталатын тоқ ішек дискинезиясы
Сипаттамасы: тамақ құрамында ішектің моторлы қызметін күшейтетін өсімдік клетчаткасына бай тағамдарды қолдану.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: ірі тартылған ұннан пісірілген нан, майсыздандырылған сорпа, ет пен балық. Көкөністер (әсіресе жапырақты), інжір, қара өрік. Үгілмелі ботқалар. Ірімшік, айран, түйір жұмыртқа, өсімдік майы.
Рұқсат етілмейтіндер: шалқан, қара шалқан, сарымсақ, саңырауқұлақ.
№ 4 диета
Тағайындалуы: Іш өтумен сипатталатын энтериттер.
Сипаттамасы: ішекті химиялық, механикалық, термиялық қорғайтын тамақ. Тамақты дайындау түрі – буға пісірілген, ұнтақталған. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: кептірілген ақ нан, майсыздандырылған күріш, манка сорпалары, суға және буға піскен ботқалар. Шырындар, итмұрын қайнатпасы, кисель, шәй. Суға және буға піскен ет.
Қолдануға болмайды: қант, кілегей.
Рұқсат етілмейтіндер: сүт, бұршақтар, тұздықтар, сүрленген тағамдар, өсімдік клетчаткасы, тұздалған тағамдар.
№ 5 диета
Тағайындалуы: гепатитте, холециститте, бауыр циррозында.
Сипаттамасы: Бауырды максималды қорғау. Құрамында көп мөлшерде көмірсуы бар заттарды, жануарлар майлары мен экстрактты заттарды шектеу керек. Қуырылған тағам түрлері жарамайды, тағамды ұнтақтамау керек, тәулігіне 5-6 рет қабылданады.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: өткен күнгі нан, көкөністі жарма сорпалары (ет және балық сорпаларынан басқа). Пісірілген құс еті. Көкөністерді шикідей пайдалану керек. Қант, бал, тосап, сүт өнімдері. Жеміс-жидектер (қышқылдылардан басқа).
Рұқсат етілмейтіндер: саңырауқұлақтар, шпинат, қымыздық, лимон, дәмдегіштер, какао.
№ 6 диета
Тағайындалуы: Подагра ауруы.
№ 7 диета
Тағайындалуы: Бүйрек аурулары.
Сипаттамасы: бүйректі қорғау. Тұзды шектеу (1-5г), сұйықтықты шектеу (800-1000 мл), тәтті, экстрактты заттарды шектеу керек. Дайындалуы – қуыру, буға пісіру.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: тұзсыз нан, майлы ет, балық, пісірілген құс еті, макарон тағамдары. Жұмыртқаны шектеу, курага, өрік қант, бал, сүт және сүт өнімдерін кеңінен қолдану.
Рұқсат етілмейтіндер: бұршақтар, қаймақ.
№ 8 диета
Тағайындалуы: Семіздік.
Сипаттамасы: майлар мен көмірсулар есебінен тамақтың энергетикалық құндылығын шектеу. Соған сәйкес ақуыздың мөлшерін көбейту. Тұздықтарды, экстрактты заттарды, сұйықтықтарды шектеу. Көкөністерді көбейту. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара нан, пісірілген майсыз ет және балық. Қарамық ботқасы. Әр түрлі көкөністер (картоптан басқа) өсімдік майымен. Жеміс-жидектер. Майсыз сүт, сүт өнімдері, қант орнына ксилит қолдану.
Рұқсат етілмейтіндер: тәтті жемістер: құрма, жүзім, інжір; дәмдегіштер.
№ 9 диета
Тағайындалуы: қант диабеті.
Сипаттамасы: құрамында холестерині бар заттарды, рафинадталған көмірсуларды шектеу немесе мүлдем қолданбау. Дайындалуы – пісірілген, тағамдар, қуырылған тағамдар шектеледі.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, қара нан, көкөніс сорпалары. Ботқалар: қарамық, сұлы. Жемістер, қышқыл сүт өнімдері. Майсыз ет және балық.
Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәтті жемістер. Қызылша, сәбіз, жасыл бұршақ картоп, жұмыртқа шектеледі.
№ 10 диета
Тағайындалуы: жүрек- қан тамыр жүйесі ауруларында.
Сипаттамасы: ас тұзын, құрамында холестерині бар өнімдерді, жануар майларын шектеу. Дайындалуы – суға пісірілген. Тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: ірі үгітілмелі бидай ұны, ет сорпасынан сорпалар. Ет сорпасы аптасына 1 рет тағайындалады. Пісірілген балық, майсыз ет. Көкөністер өсімдік майымен қолданылады. Қарамық, сұлы, қышқыл сүт өнімдері кеңінен пайдаланылады. Тамақ дайындауда өсімдік майларын қолдану қажет.
Рұқсат етілмейтіндер: Қою шәй, кофе, какао, консерванттар, ауыр сіңетін майлар, алкоголь тиым салынады.
№ 11 диета
Тағайындалуы: өкпе туберкулезінде.
Сипаттамасы: дәрумені мен ақуызы көп май мен көмірсу шағындап көбейтілген калориялы тағам. Ас тұзы мен сұйықтық нормасы шектеулі. Сүт тағамдары. Тәулігіне 4-5 рет қабылдайды.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: дайындау – аспаздық өңдеу әдеттегідей, онда азот экстрактивті заттары сақталған. Дәрумендер көп мөлшерде. Белок 120-140г, 100-20г май, 500-550г көмірсу.
Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер.
№ 12 диета
Тағайындалуы: жүйке және психикалық аурулар.
Жүйке жүйесін қоздыратын заттар- кофе, шәй, алкогольді ішімдіктер, тұздықтар, тұздалған, ащы тағамдар шектеледі. Дәрілік шәй (жалбыз, мелисса т.б.) қолданылады.
№ 13 диета
Тағайындалуы: жұқпалы ауруларда, қызбада.
Сипаттамасы: белоктар қалыпты жағдайда болуы керек, май мен көмірсу калориясын шектеу. 70-80г белок, 70г май, 300г көмірсу, 2200 калория. Көп мөлшерде С және басқада витаминдер тағайындалады, тәулігіне 5-6 рет қабылдау керек.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сусын, көп мөлшерде сұйық беру. Дайындалуы – тағамды үгіп немесе тартып беру, химиялық тітіркендіргіштер аз болуы керек.
Рұқсат етілмейтіндер: май, көмірсу калориясын шамалап беру.
№ 14 диета
Тағайындалуы: Несептің сілтілі реакциясы және фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия
Сипаттамасы: несептегі реакцияны қышқыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2л. Дайындалуы – аспаздық өңдеуі әдеттегідей, тәулігіне 4-5 рет.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сүт, ірімшік, сыр, сұйықтық жалпы мөлшері 1,5-2л. 80-100г белок, 100г май, 400г сутегі, 2800калорий.
Рұқсат етілмейтіндер: сілтілендіретін әсері бар тағамдар.
№ 15 диета
Тағайындалуы: барлық пациенттер ауырған жағдайда яғни жалпы стол.
Сипаттамасы: дәрумендердің екі есе көбейген толыққұнарлы тағам, майлы ет тағамдары шектеледі.
Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: қара бидай наны, көп мөлшерде жеміс жидектер, көкөніс өнімдері, сүт, ақ нан, картопты гарнир ретінде ұсынады, тәулігіне 4-5 рет қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет