Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің



бет49/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялық мәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;

  • соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

    Схоластика (лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

    • ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

    • кемелденген схоластика (XIIIғ.);

    • соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

    Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

    • құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

    • білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

    • креационизм, провиденциализм;

    • пантеизм мен аввероизммен күрес;

    • сенімнің парасаттан үстемдігі;

    • жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

    Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

    • Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

    • Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

    Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;
    Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

    • универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

    • олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

    • адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   92




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет