Пәні: Балалар аурулары Кафедра: факультеттік педиатрия 4 курс



бет46/84
Дата16.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#101647
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
Мет рек Балалар аурулары жалпы медицина каз

7. Бақылау: Тесттік сұрақтарға жауап беріңіз:

12-жасар науқас қыз сол жақ эпигастралды аймақ ауруына, іш өту, қышқылмен кекіруге шағымданады. Ауру тарихынан қыз асқазан-ішек жолдары ауруымен диспансерлік бақылауда тұрғаны белгілі болды. Қарағанда: тілі ақ жабынмен жабылған, сипағанда іштің ортаңғы сызығы бойынша эпигастрияда қатты ауру байқалады. Бауыр және көк бауыр ұлғаймаған. Басқа ағзаларында өзгерістер жоқ. Қай ауру туралы ойлауға болады:

A) созылмалы гастрит

B) асқазан жаралы ауруы

C) созылмалы дуоденит

D) созылмалы холецистит

E) созылмалы панкреатит
13 жасар науқас Елена ауруханаға эпигастрия ауруы, жүрек айну, анда-санда түнде аш қарындағы ішінің ауруы шағымдарымен келіп түсті. Тәбеті төмен. Тамақ қабылдау ауру сезімін күшейтеді. Анамнезінен: 1,5 жыл бұрын жоғары секрециялық созылмалы гастрит асқынуымен емделген. Жалпы клиникалық зерттеуден басқа диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу өткізу қажет:

A) жалпы рентгеноскопия

B) асқазан рентгенографиясы

C) фиброгастроскопия

D) іш қуысы УДЗ-і

E) дуоденлдық зондтау


14-жасар қыз тамақ ішкеннен кейін күшейетін эпигасрияның тұрақты қатты, сыздап ауруына шағымданады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Сипағанда іштің ортаңғы сызығы бойымен эпигастрияда ауру байқалады. Диспансерлік бақылауда асқазан-ішек жолдары ауруларымен 2,5 жыл бақылауда тұрады. Асқазан құрамын зерттегенде базалдық секреция деңгейі жоғарлаған. Қай ауру туралы ойлауға болады?

A) жоғары секрециялы созылмалы гастрит

B) төмендеген секрециялық созылмалы гастрит

C) жайылмалы гастрит

D) асқазан жаралы ауруы

E) ұлтабар жаралы ауруы


14-жасар қыз тамақ ішкеннен кейін күшейетін эпигасрияның тұрақты қатты, сыздап ауруына шағымданады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Сипағанда іштің ортаңғы сызығы бойымен эпигастрияда ауру байқалады. Диспансерлік бақылауда асқазан-ішек жолдары ауруларымен 2,5 жыл бақылауда тұрады. Асқазан құрамын зерттегенде базалдық секреция деңгейі жоғарлаған. Диагнозды анықтау үшін өткізу қажет:

A) асқазан рентгеноскопиясы

B) асқазан рентгенографиясы

C) іш қуысы УДЗ-і

D) дуоденалдық зондтау

E) фиброгастроскопия


15 жасар бала, созылмалы гастродуоденитпен ауырады. Отбасылық анамнезі нашар - әкесінде он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар. Екі жыл бұрын тиімді эрадикация емін қабылдады. Аурудың қайталануына байланысты Helicobacter pylori-ге тексерілді. Нәтижесі оң (+). Бұл жағдайда не туралы ойлануға болады?

A)негізгі аурудың қайталауы

B) Helicobacter pylori-дің қайтадан жұғуы

C) он екі елі ішектің ойық жара ауруының дамуы

D) функционалдық диспепсии

E) дұрыс жауабы жоқ


10 жасар қыз балаға созылмалы гастродуоденит диагнозы қойылған, Helicobacter pylori анықталды. Тұқымқуалаушылғы нашар - әкесі жағынан ойық жара ауруы бар. Отбасы мүшелерін тексергенде барлығында Helicobacter pylori анықталды. Сіздің тактикаңыз:

A)балаға эрадикацияемі курсын жүргізу

B) отбасының барлық мүшелеріне бір уақытта эрадикация емін тағайындау

C) баланың әкесіне және өзіне бір уақытта эрадикация емін тағайындау

D) отбасы мүшелерінің бәріне ФЭГДС жасау, егер патология анықталса, эрадикация емін тағайындау

E) дұрыс жауабы жоқ


8 жастағы бала H.pylori-мен ассоцирленген,секреторлы қызметі сақталған созылмалы гастритпен ауырады. Антихеликобактерлі әсері бар дәрі:

A) Де-нол

B) Мотилиум

C) Линекс

D) Платифиллин

E) Смекта


Секреторлы түрі (секрецияның базальді кезеңінде асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарлаған) бойынша асқазанның функциональді бұзылыстары бар 9 жасар бала іш қатуға бейім. Секреторлы бұзылыстарын қалыпқа келтіру үшін қандай дәріні беру қажет:

A) Смекта

B) Гастрофарм

C) Алмагель

D) Кваматель

E) Викаир


12 жастағы ұл балаға бір жыл бұрын лет он екі елі ішектің жара ауруы дегн диагноз қойылды .Бала ашты тағамдарды жақсы көреді. Әкесінде де он екі елі ішектің жара ауруы бар. Асқазанның зондауын жүргізгенде тұз қышқылы базальді секрециясының дебит-уақыты 5 ммоль/л. Биоптатпен уреазды тест оң болып келеді. Он екі ішек буылтығының биоптатын морфологиялық зерттеуінде науқаста асқазанның метаплазия көріністері анықталды. Он екі елі ішекте асқазанның метаплазиясының дамуына әкелетін себептер:

A) Диетаның бұзылуы

B) Гиперацидоз

C) Шырышты қабатының H.pylori-мен колонизациясы

D) Тұқым қуалаушылық

E) Аурудың созылмалығы


14 жастағы қыз бала эпигастрий аймағындағы іштің ауырсынуына,тәбетінің жоғарлауына,қыжылдауға шағымданады.Ауырғанына бір жыл болды,бірақ бұрын зерттеулерден өтпеген.Әкесінде жара ауруы бар.

Фиброгастродуоденоскопияны өткізген кезде келесі өзгерістер анықталған: асқазанның шырышты қабаты ісінген,қызарған,антрумда көптеген эрозиялар бар. Биоптатпен уреазды тест оң. Классификация бойынша диагнозды қойыныз:

A) Созылмалы эрозивті гастродуоденит, өршу кезеңі

B) Созылмалы эрозивті гастродуоденит, Нр+, өршу кезеңі

C) Созылмалы эрозивті антральді гастрит, Нр+, өршу кезеңі

D) Асқазанның жара ауруы, Нр+, өршу кезеңі

E) Созылмалы эрозивнті антральді гастрит, орташа дәрежелі ауырлықта , Нр+, өршу кезеңі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет