«Ғұмарбек Дәукеев атындағы
Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Электр энергетика және электр техника институты
Электротехника кафедрасы
Телекоммуникациядағы электр тізбегінің теориясы
Пәні бойынша
№4 Зертханалық жұмыс бойынша
ЕСЕП
Тақырыбы: Компьютер көмегімен «К» типті пассивті сүзгіні зерттеу
Орындаған: Абатова Әсел
Тобы: РЭТк-21-2
нұсқа: 1
Қабылдаған: аға оқытушы, Ергалиева Гульсана
2023 жыл
4 Зертханалық жұмыс №4. Компьютер көмегімен «К» типті пассивті сүзгіні зерттеу
Жұмыстың мақсаты: «К» типті қарапайым төменгі жиілікті (ТЖС) және жоғарғы жиілікті (ФЖС) сүзгілер үшін өшу коэффициентінің және фазалық еселеуіштің жиіліктік сипаттамасын зерттеу.
4.1 Жұмысқа дайындық
«Жиіліктік электрлік сүзгі» бөлімін қайталау (Ә.1 457-464 бет, Ә.2 308-316 бет, Ә. 8 70-77 бет).
Келесі сұрақтарға жауап беру:
1) Сүзгінің қандай түрін білесіздер?
2) Төменгі жиілікті, жоғарғы жиілікті, жолақты, шекаралық сүзгілерге түсінік.
3) Сүзгінің екілік параметріне анықтама бер. Олар қандай бірліктерде өлшенеді?
4) Сүзгідегі өткізу аймағы және өшу аймағы дегеніміз не?
5) Сүзгінің жұмысында келісімді режим дегеніміз не?
6) ЖЖС үшін П-типті және Т-типті сұлба келтіріңіз?
7) ТЖС үшін П-типті және Т-типті сұлба келтіріңіз?
8) ЖЖС үшін a(f) және b(f) сызбасының тәуелділік сызбасын құру.
9) ТЖС үшін a(f) және b(f) сызбасының тәуелділік сызбасын құру.
10) ЖЖС үшін fқим мен ρ есептеу кейіптемесін жазыңыз.
11) ТЖС үшін fқим мен ρ есептеу кейіптемесін жазыңыз.
12) Берілген нұсқа бойынша fқим мен ρ есептеу (4.1 кесте). Нәтижелерді 4.2 кестесіне енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |