Орындаған: Әбдіәшімов Мадияр Пән мұғалімі: Нурсия Даукенова Алматы 2021 Жұмыстың мақсаты



бет1/2
Дата25.11.2022
өлшемі211,58 Kb.
#159875
  1   2
Байланысты:
Әбдіәшімов Мадияр ЭЭк 20-4 жел зертхана2



Электр энергетика және электр техника институты «Электрмен жабдықтау және жаңғыртылатын энергия көздері» кафедрасы
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану

2.2 Зертханалық жұмыс
2. Желдің минималды жұмыс жылдамдығын өлшеу

Тобы:ЭЭк 20-4
Орындаған: Әбдіәшімов Мадияр
Пән мұғалімі:Нурсия Даукенова
Алматы 2021
Жұмыстың мақсаты: зертханалық стендтің жел энергетикалық жүйесі жұмыс істейтін желдің минималды жылдамдығын өлшеу.
2.2.1 Жұмыстың бағдарламасы.
2.2.1.1 Зертханалық құрылғымен және зертханалық жұмыстың сипаттамасымен танысу (1.1 сурет). 2.2.1.2 Жел электр қондырғысының мнемосұлбасын зерттеу және басқару элементтерін тағайындау.
2.2.1.3 Желдің минималды жұмыстық жылдамдығын өлшеуді жүргізу.
2.2.1.4 Тәжірибелік тәуелділіктерді тұрғызу, зертханалық жұмыс бойынша есеп беруді жасау.
2.2.2 Жұмыстың сипаттамасы. Зертханалық жұмысты жүргізу кезінде синхронды жел генераторы бос жүріс режимінде болуы керек. Ол үшін жұмысты бастамас бұрын стендпен сөндірілген автоматты ажыратқыш QF1 стендті қоректендіру модулі кезінде келесі тапсырмаларды орындау қажет:
- аккумуляторлы батарея АКБ модулінің клеммаларының ауыстырып қосқышын «ОТКЛ» жағдайына қою;
- «Жүктеме» модулінің ауыстырып қосқышы SA1 – SA5 төменгі жағдайға қою;
- жел жылдамдығының беріліс блогының «Пуск» ауыстырып қосқышын төменгі жағдайға қою. Бұл кезде жиілік түрлендіргішінің жұмысы блокталады.
- жел жылдамдығының беріліс потенциометрі сағат тіліне қарсы ең шеткі жағдайға қою. Зертханалық жұмысты өлшеуіштік аспаптардың көрсеткіштерін тіркей отырып жүргізуге болады. Сондай-ақ жел электр қондырғысының параметрлерін өлшеу үшін дербес компьютерді пайдалануға болады. Ол үшін компьютерді қосып, Windows толық жүктелуін күтіп және «DeltaProfi» бағдарламасын қосу қажет, оның жұмыс белгісі қондырғыны орнату кезінде жұмыс үстеліне қойылған. «Работы» мәзірінде №1 жұмысты таңдау керек, одан кейін «Пуск» батырмасын (немесе F5) басу арқылы мәліметтерді жинау процесін қосу керек.
Желдің минималды жұмыстық жылдамдығын өлшеу тәжірибесі аккумуляторлы батарея зарядының тогы және жел генераторының айналу жылдамдығы жел жылдамдығына тәуелділігінен алынады I1, nr=f(nж). Тәжірибені жүргізу үшін 2.2 суретке сәйкес сұлбаны жинау қажет.

2.2 сурет – Желдің минималды жұмыс жылдамдығын алуға арналған сұлба
Құлаушы желдеткіш асинхронды электр қозғалтқыш арқылы іске қосылады, ол кернеуді инвенторлы типті жел жылдамдығының береліс блогында орналасқан жиілік түрлендіргішінен алады (суретте көрсетілмеген). Синхронды генератор статоры (А, В, С фазалары) «Түзеткіш» модуліне (А, В, С клеммаларына) қосылады. «Түзеткіш» модулінің тұрақты ток шиналарына «+» және «-» өлшеуіштік аспаптар қосылған, олар түзеткіштің шығысындағы ток және кернеуді өлшейді.
Тәжірибені жүргізу келесі ретпен орындалады:
- стендті қоректендіру модулінің автоматты ажыратқышы QF1 қосу арқылы стендтің қажетті элекменттеріне кернеу беру;
- «Жел жылдамдығының беріліс блогы» модулінің «Сеть» батырмасын қосу арқылы жиілік түрлендіргішіне кернеу беру;
- аккумуляторлы батарея тумблерін «ВКЛ» жағдайына қою. Бұл жағдайда аккумуляторлы батарея зарядының контроллері арқылы тұрақты ток шиналарына қосылады;
- жиілік түрлендіргішінің жұмыс істеуіне рұқсат беру («Жел жылдамдығының беріліс блогы» модулінің «Пуск» ауыстырып қосқышы) және желдің беріліс жылдамдығының потенциометрімен желдің максималды жылдамдығын орнату;
- генератордың өтпелі процесінің аяқталуын күту және желдің жылдамдығын бірқалыпты өзгерте отырып 2.2 кестеге қажетті шамаларды енгізу. Тәжірибені жүргізу кезінде аккумулятор пайдаланатын токтың мәні нөлге тең болған кезді тіркеп алу керек. Бұл сәтте генератор өндіретін ЭҚК аккумулятор ЭҚК және батарея зарядының контроллеріндегі құлау кернеуіне тең болады. Осы нүктені сипаттайтын желдің жылдамдығы желдің минималды жұмыстық жылдамдығына теңеседі.
2.2 кесте - Минималды жұмыстық жылдамдығын анықтау

nж, м/с

10,4

9,9

9,5

9

7

І1, мА

0,16

0,16

0,13

0

0

nr , айн/мин

390

390

382

337

292


Тәжірибені жүргізгеннен кейін жел жылдамдығының беріліс потенциометрін сағат тіліне қарсы ең шеткі жағдайға қою, желдің беріліс блогының «Пуск» ауыстырып қосқышын төменгі жағдайға қою, дербес компьютер арқылы мәліметтерді жинауды «Стоп» батырмасын (немесе F6) басу арқылы тоқтау керек. Одан кейін стендті қоректендіру автоматты ажыратқышын QF1 өшіру керек. 2.2.3 Зертханалық жұмыс туралы есеп дайындау.
Тәжірибелер нәтижесі бойынша аккмулятор заряды тогының және жел генераторының айналу жылдамдығының жел жылдамдығына тәуелділігін тұрғызу. Қондырғы желінің минималды жұмыстық жылдамдығын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет