25 дәріс тақырыбы: Тіл мен ойлау. Психолингвистика
1. Тіл мен ойлау мәселесінің психолингвистикада қарастырылуы
2. Психолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері
Психолингвистика - өз объектісін, міндеті мен мақсатын жан-жақты және дәл айқындай қоймаған жас ғылым. «Таза» лингвистика әдістері жеткіліксіз болған жағдайда психолингвистика өзінің практикалық міндеттерін шешеді. Соңғы 60 жылда “дәстүрлі” лингвистикада психолингвистикалық мәселелерге қызығушылық өсе түсті.”Тіл мен сана”, “тіл мен ойлау” олардың ара қатысы, сонымен бірге психология мен лингвистика аспектілерін түсіну және сөйлеу әрекетін қарастыру мәселелері психолингвистикалық зерттеулер жүйесінде тілшілердің қызушылығын тудырды әрі өте жағымды рөл атқара бастады.
Осындай теориялық ойлау қатарында практикалық міндеттерді шешуде, оның ішінде ең алдымен мәтін, сөйлем, сөздерді талдауда оларға таза тілдік тұрғыда келу жеткіліксіз болды. Тілдің қызмет етуі, оны пайдалану мен қабылдау тек лингвистердің ғана емес, сонымен қатар психологтар мен философтардың да назарын аудара бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |