Пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет29/79
Дата07.02.2022
өлшемі155,84 Kb.
#96430
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79
Байланысты:
a3625ae7-4a63-11e4-973d-f6d299da70eeУМКД ОҚУ-ӘД. КЕШЕН 2014
stud.kz 2823
Бақылау сұрақтары:
1. Психолингвистика нені зерттейді?
2. Психолингвистиканың зерттеу нысанына не жатады?
3. Психолингвистика ғылымы қашан қалыптасты?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Белянин В.П. Введение в психолингвистику. – Москва: Черо, 2000. – 228 с.
2. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974
3. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
5. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж.
26 дәріс тақырыбы: Тіл мен мәдениет. Этнолингвистика.

1. Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндер


2. Этнолингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері


Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндердің қатарына «лингвоелтану», «лингвоөлкетану», «лингвогмәдениеттану», «этнолингвистика», «этномәдениеттану» т.б. жатады. Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері , кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айырмашылығын көрсету  Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл біліміндегі бір көрініс іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика, статлингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына, қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық (материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет