Әдістемелік нұсқаулар: Қытай – мәдениеті ғылыми ой – пікірі ерте дамыған, дүниежүзілік өркениетке зор үлесқосқан ежелгі ел. Қытайдың жазба ескеркіштері біздің заманнан ХV ғасыр бұрын пайда болған.
Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ежелгі Қытай лингвистикасының міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды қалаай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі – қытайша « Эрья» деп аталатын сөздік.