Әдістемелік нұсқаулар: Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған « Веда » деп аталатын кітаптары болған.VI ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің аса атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жетті.