Бақылыу сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. -М.2001
3. Теоретическое проблемы языкознание. «Наука», Москва , 1970ж
№6 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі.
Мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Орта ғасыр – адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.
Орта ғасырдың өзіндік біл ерекшелігі – әр түрлі діндердің туып. Дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан, діндерін жатқызуға болады.Дүние жүзілік діндердің тарауымен қатар сол діндердің сүндет – парызын, шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған аят – хадистарды мағынасын, тілін түсінбесе де жатқа біліп, құдайға құлшылық ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл тіл лингвистикада канондық тіл деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |