Әдістемелік нұсқаулар: Араб тіл білімі халифат дәуірінде (VІІ-ХІІ ғасырлар) дамыды. Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері Ефрат пен Тигр бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі мектеп – екі бағыт пайда болды. Олар өзара бір-бірімен түрлі мәселелер жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен грамматикалық ғылым орталығы Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда 1000-нан астам өлең бар.