Есеп №2. 0,29 г газ тәрізді көмірсутегін жаққанда 448 мл көмір қышқыл газы ; 0,45 г су алынған. Белгісіз газ тәрізді көмірсутегінің сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы dН2 = 29 тең. Көмірсутегінің молекулалық формуласын анықтаңдар.
Шешуі:
m (зат) = 0,29 г 1-әдіс. Заттың массасы мен көлемінен заттың
V(СО2) = 448 мл сандық мөлшеріне ауысу.
m(Н2О ) = 0,45 г Белгісіз заттың алдымен салыстырмалы
dН2 (зат) = 29 молекулалық массасын анықтайды.
Формула-?
Мr = 2 · dН2 , Мr = 29·2 = 58; М = 58 г / моль
Формула бойынша белгісіз заттың, судың және көмірқышқыл газдың сандық мөлшерін анықтаймыз. γ = m / М
γ(зат) = 0,29 г : 58 г/моль = 0,005 моль
γ (СО2 ) = 0,448 л ׃ 22,4 л/моль = 0,02 моль
γ (Н2О) = 0,45 г : 18 г/моль = 0,025моль
Олай болса белгісіз заттың сандық мөлшері мен жанудан пайда болған заттардың сандық мөлшерлері бір-біріне мынадай ара қатынаста болады:
γ (зат) : γ (СО2 ) ׃ γ (Н2О) = 0,005: 0,02 : 0,025 =1: 4 : 5
Сонда 4 моль СО2 құрамында 4моль С атомы болады, ал 5моль Н2О – 10 моль Н атомы кіреді.
Жауабы: С4Н10
2- әдіс. Математикалық формуланы пайдаланып көмір қышқыл газ бен судың құрамындағы көміртегі мен сутегінің массаларын анықтайды.
m (С) = V(СО2) · n · M(С) / Vm ;
m (С) = 0,448л · 1· 12 г/моль / 22,4г/моль = 0,24г
m (Н) = V(Н2О) · n · M(Н) / М (Н2О) ;
m (Н) = 0,45 г · 2 ·1 г/моль / 18г/моль = 0,05г
Элементтердің массасы мен жаңған заттың массалары арқылы әрбір элементтің массалық үлесін анықтаймыз:
ω = m(эл) / m(зат); ω (С) = 0,24 г / 0,29 г = 0,83;
ω (Н) = 0,05 г / 0,29 = 0,17
Формула арқылы әрбір элементтің атомдарының саның анықтаймыз:
n = ω · 2 · dН2 / А;
n (С) = 0,83 ·29 · 2 = 4
n (Н) = 0,17 · 29 · 2 / 1 = 10
Көмір сутегінің формуласы- С4Н10
3-әдіс. Пропорция әдісі. Бұл әдіс бойынша бір моль көмір сутегі жанғанда оның массасын 58 г деп аламыз. Осы 58 г көмір сутегі жанғанда V л СО2 және m г Н2О бөлінеді. Пропорция құрамыз.
СхНу + О2 → СО2 + Н2О
58 г ----------- Vл СО2
0,29 г ----------- 0,448 л
V = 58 г· 0,048 л / 0,29 = 89,6 л СО2
58 г ------------ mг Н2О
0,29 г ---------- 0,45 г
m = 58 г · 0,45 г / 0,29 г = 90 г
γ (СО2) = 89,6 л : 22,4 л/моль = 4 моль
γ (Н2О) = 90 г : 18 г/моль = 5моль
Көмір сутегінің формуласы - С4Н10
4-әдіс. Математикалық әдіс.
Есептің шартыңда белгісіз заттың салыстырмалы тығыздығы берілген. Осы мән бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын табамыз.
Мr = 29 · 2 = 58
Шамамен көмір сутегінің формуласын СхНу деп белгілейміз. Бұл формулаға элементтердің салыстырмалы атомдық массасын қоямыз.
12 х + у = 58
Қаныққан көмір сутегінің далпы формуласы Сn Н2n + 2
Көмір сутегі үшін қаныққан көмір сутегіне қарағанда (2х+2) у мәні мынаған тең болады:
У ≤ 2х + 2
Теңдеуден у мәнің табамыз. У = 58 -12 х 58 -12 х ≤ 2 х + 2
58 - 2 ≤ 2 х + 12 х немесе
56 ≤ 14 х осыдан Х ≥ 4 болады.
Егер х > 4, мысалы х =5, онда тепетеңдіксіз мынаған тең болады.
12 х + у > 58 , бұл 12 х + у = 58 теңдеуіне сәйкес келмейді.
Олай болса х = 4, онда 12 · 4 + у = 58; у = 10
Көмір сутегінің формуласы - С4Н10
Достарыңызбен бөлісу: |