Заттың құрамы 82,36% азоттың және 17,64% сутегінен тұрады. Оның салыстырмалы молекулалық массасы 17тең. Заттың формуласын табыңдар.
Белгісіз заттың буының тығыздығы 2,05г/лтең. Заттың құрамына 52,18% көміртегі, 13,04% сутегі және 34,78% оттегі кіреді. Заттың формуласын табыңдар.
Оксидтердің формуласын төмендегі құрамы бойынша анықтаңдар: 1) 70% темір және 30% оттегі, 2) 64,7% марганец және 35,3% оттегі; 3) 56%ванадий және 44% оттегі
6,2г затты жаққанда 12г кремнийдің диоксиді мен 5,4г су түзіледі. Заттың ауа бойынша тығыздығы 2,14тең. Заттың формуласын табыңдар.
Көміртегі мен сутегіден тұратын затты жаққанда 55г СО2 және 27г су алынады. Заттың ауа бойынша тығыздығы 2,48тең. Заттың формуласын анықтаңдар.
400мл көмірсутегі мен 1000мл оттегін араластырып жағады. Реакциядан кейін газдың көлемі 800мл болған. Оттегі реакцияға толық қатысқан жағдайда, көмірсутегінің формуласын анықтаңдар.
Мыс пен күкіртті ауада қыздырғанда 8г СиО мен 3,2г SО2алынды. Қосылыстың формуласын табу.
Әдебиеттер:
Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. - М.: Просвещение, 1989 - 173 с.
БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж
Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004
Дайнеко В.И. Как научить школьников решать задачи по органической химии.М.-Пр. 1987.
Химия:Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған оқулық / Ә .Темірболатова ,
Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова ,С.Әлімжанова. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2007.
Химия:Жалпы білім беретін 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Б.Бекишев, Н.Н.Заграничная. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. –
Химия:Жалпы білім беретін 9-сыныбына арналған оқулық /И.Нұғыманов , Р.Жұмаділова , Ж.Кембебаева . Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -
Химия:Жалпы білім беретін 8-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Сарманова ,К.Жексембина Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -176б
ТемірболатоваӘ.Е.Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы:Рауан, 2000. 96б
Дәріс№ 10,11Химияның теориялық негізі бойынша есептер шығартуға
үйретудің әдістемесі
Жоспары:
Химияның негізгі заңдары бойынша есептер шығару әдістемесі.
Химиялық кинетика және термодинамика тарауына арналған есепте-жаттығуларды орындау әдістемесі
«Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша шығарылатын типтік есептер мен жаттығуларды орындау әдістемесі
Химиядағы стехиометриялық заңдар деп, құрам тұрақтылық, еселі қатынастар, эквиваленттер, газдар, Гей-Люссактың көлемдік қатынастар және Авогадро заңдарын айтады. Химиялық реакциялардағы химиялық элементтердщ, жаи және күрделі заттардьщ арасындағы стехиометриялық есептеулердің сандық қатынасын анықтау үшін, Рихтер 1800 ж. химияға бірінші рет стехио-метрия деген терминді кіргізді.
Кәзіргі заманның атомдық-молекуляр-лық ілімнің негізі, стехиометриялық заң-дар болып табылады, олар атомдык тео-рияньт тереңдетеді және айқындатады.