27 Тақырып: Биосфера.
Дәрістін жоспары: 1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары
2.Биосферадағы заттар алмасуы
3.Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы
Дәрістің қысқаша мәтіні. 1.Биосфера туралы түсінік, биосфера шекаралары Биосфера – жер планетасының организмдері мекендеген аймағы. Биосфераға жер беті, атмосфераның біраз бөлігі, гидросфера және литосфераның жоғарғы бөлігі енеді.
Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы, оның кеңінен тарала түсуі, құрамындағы түрлі өзгерістер, мұндағы зат пен энергияның алмасуы организмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланыстыжәне айналадағы орта жағдайының эволюциясымен біртұтас дамиды.
Биосфера—барлық тіршілік процестері жүретін Жердің беткі қабығы. Барлық тірі организмдерден биомасса құралады. Биосфераның атмосферадағы шегі тропосфераның жоғарғы шегімен үйлеседі. Тропосферадан жоғарыда тіршілік жоқ. Биосфераның төменгі шегі термоядролық жағдайларға (жер қойнауындағы жоғарғы температураларға) байланысты