Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет1/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану


ПОӘК 042-18.1 - 72/03-2014



№ 2 басылым
11.09. 2014 ж.

стр. из 12




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.1 - 72/03-2014



ОӘМ
Пәннің оқу-әдістемелік материалы
«Жаратылыстану»

№ 2 басылым


11.09. 2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Жаратылыстану»
«5В011600» – «География» мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей
2014


МАЗМҰНЫ:



1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

4 Суденттің өздік жұмысы



ГЛОССАРИЙ

Абрикос-раушан гүлділер тұқымдасына жататын ағаш өсімдік


Агама-агамалар тұқымдасына жататын кесірткелер туыстастығы
Адаптация-тірі организмдердің белгілі бір жағдайға бейімдліуге мүмкіндік беретін белгілер жиынтығы
Антеридий- споралы өсімдіктер мен кейбір саңырауқұлақтардың аталық органы
Ауксины-өсімдіктердің түзуші ұлпаларында қалыптасып, сабақтың, жапырақтың , тамырдың өсуін қамтамасыз етеді
Ареал -жер бетінің жануар өсімдік белгілерінің бір түрлері тіршілік ететін түрлері.
Аллювий- ұдайы немесе анда-санда болып тұратын ағыстардың шөгінділері. Бұл шөгінділер малта тастан, қиыршық тастан, құм мен саздан құралады.
Абсалют биіктік- мұхит деңгейінде есептелетін биіктік. Одан жоғары жатқан нүктелердің абсолют биіктігі-оң (+).төменгі жатқан нүкте теріс (-) болады.
Абсалют максимум-көп жыл ішіндегі ең жоғары метеорологиялық көрсеткіш.
Абсалют минумум- көп жыл ішіндегі ең төменгі метеорологиялык көрсеткіш.
Аңғар- табаны ылғалданып кететін ұзынша ойыс. Өзен және тау аңғары болады.
Арал-құрлықтың жан-жағынан сумен қоршаланған шағын бөлігі.
Аралас орман-қоңыржай белдеудегі орман зонасының қылқанды және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдар аралас өсетін өңірі (кіші зона).
Арна- аңғардың табаныңдағы суағып жатқан ойыс судың жолы.
Атырау- өзен ағысының ерекше түрі өзен теңіздің немесе көлдің таяз бөлігіне құяр жерінде таңбалардың арасымен тармақталып ағыуының нәтижесәнде пайда болуы.
Ауа массасы-тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі т.б. ірі бөлігі.
Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері абсолют және салыстырмалы ылғалдылық болып ажыратады.
Ауа райы- атмосфераның қыска мерзімдегі жай-күйі.
Багрянкалар-балдырлар бөліміне жататын қоңыр балдырлар
Барибал-сүт қоректілердің аюлар тұқымдасына жататын қара аю
Бацилла-таяқша тәрізді бактериялар
Барисфера-жердің ядросы мен мантиясының қамтитын ішкі бөлігі-темір, никель, уран секілді ауыр металдардан тұрады.
Бора-теңіздердің жағасындағы, тау жотасының беткейінен төмен қарай соғатын және қыста күнді суытып жіберетін қатты өтпе жел.
Бриз- теңіздердің ірі көлдердің жағасында күндіз құрлықтан суға , түнде судан құрлыққа қарай соғатын желдер.
Бухта-мұхит теңіздерден аралдар немесе мүйістер арқылы мықтап бөлінген кішігірім шығанақ, әдетте желден жақсы қорғалған және порттар кұруға жиі пайдаланады
Гюрза-леванттық жылан
Глетчер- аңғар мұздығы.
Гумалиттер- жоғары сатыда дамыған өсімдік қалдығынан тұратын қазба көмірлер тобы.
Губа(ерін)-ресейдің солтүстігінде кең таралған шығанақтың аты. Ол құрлықка тереңдей кіріп жатқан оған өзендер келіп құяды.
Кар-мұздықтар мен қардың әсерінен аяздан үлгіуден таудың қар сызығынан жоғарғы аймақта пайда болған астау тәріздес ойыс.
Кварцит-тұтас тығыз масса болып біріккен кварц түйіршектен тұратын қатты тау жынысы.
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы- өсімдіктің құрылысын зерттейтін ғылым
Прозенхималық клеткалар- ұзындығы енінен біршама артық клеткала
Лейколпласт –тасымалдаушы қызметін атқарады
Дентри-нейрон қысқа бұталанған өскіні
Детрит-су тұнбаларында жиналған ыдырап кеткен өсімдіктер мен жануарлар қалдығы
Донник- бұршақ тұқымдастардың тусы
Дрейсендер—қос жақтаулы аюқұлақтар
Женьшень-панакс туысына жататын көпжылдық өсімдік
Зигота-гаметалардың қосылу нәтижесінде түзілген қосылыс
Құраңғар-гидрографиалық желінің беткейлерінің симметриялылығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.
Қалдық-өзеннің негізгі арнасы мен өзеннен бөлініп қалған ескі өзен арасындағы жайылманың бір бөлігі.
Қайыр-өзен арнасының саяқ бөлігі, су тартылған кезде судан босап, құрғақ аралға айналады.
Ландшафт-құрамдың, қүрлымдың бөліктердің баламалары қайталанбайтын нақтылы теория табиғат кешені.
Лагуна-теңізден құм тасқыңдары белдерімен оқшаулаған бұғаз арқылы қосылып жатқан тайғыз теңіз шығанағы.
Лаккомет-жердің терең қойнауындағы жер қыртысының беткі қабатқа дейінгі көтерілген магмадан тұратын күмбез тәріздес қүмпиген дене.
Лиман-өзеннің немесе сайдың теңіз суы басып тайыз сулы шығанаққа айналған кеңіген сағасы.
Лава-(италиянша-лава-тасып басатын) жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат, екінші сөзбен айтқанда, жер бетіне шығып, газынан айырлған магма.
Лайлық-өзеннің көлденең қимасында, ұзына бойына әрі мерзімдік аса құбылмалы көрсеткіш.
Морфология-грек-«морфо»-пішін, «графа»-белгіні білдіреді.
Мелиорация-ауыл шаруашылығын үшін қолайлы жағдай мақсатымен териториядағы су режимін жақсартуға бағыталған шаралардың жүйесі.
Мирабилит немесе глаубер тұзы- күкріт қышқыл натрий тұзы. Ол суда тез ериді. Шыны, химия және металургия өнеркәсібінде пайдаланады.
Масштаб-(неміше мас-өлшеу,штаб-таяқ) жер бетінде өлшеген қашықтықта қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі.
Меридиан-(лат. меридия нус —солтүстік) жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.
Метеор-(грек. метеор-аспан құылысы) планетааралық кеңістіктен жер атмосферасының үлкен жылдамдығы жарқырап жанып кететін денесі.
Метеорология-(грекше метеор-аспан құбылысы лотос-ғылым) атмосфера құблыс жайындағы құблыс.
Муссон-(арабша-маусым)-қыста құрлықтан құрлыққа қара соғатын тұрақты желдер.
Мұгалжар желі- Мұғалжар тауынан соғады жылдамдығы сек 50м/сек қатты дауыл оңтүстік және оңтүстік батыстан соғады.
Миграция -адамдардың бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударуы.
Перидотит-көбінесе түйіршікті минерал-аливиеннен тұратын тереңдік малмалық тау жынысы, қоңыр түсті келеді.
Полесы-ежелгі мұздың ерігенде астынан шыққан шөгінді тұратын ежелгі мұздылық алды ойпатты жазықтары. Оны орман, көбінесе қарағай орманы және батпақ басып жатады.
Промилы-қандай болмасын бір санның мыңнан бір үлесі белгісімен белгілінеді. Терең судың тұздылығын анықтайтын промиле саны.
Жайылмалық арна-мезгіл су тасуы немесе тасқын кезінде су басатын арнаны айтады.
Жеңсала-арал мен бөлінген өзеннің бір бөлігі, әдетте өзеннің негізгі арнасы мен жеңсаласын бірінен бірін айыру қиынға түседі.
Жағажай-кең, тиіс келген, өзен тасындыларынан құралған өзен жағалауындағы жолақ.
Жаға-көлді қорғай орналасқан, әр түрлі құламалығымен сипатталатын беткей түріндегі құрлықтың бір бөлігі.
Жағалау-толқындар әрекетінің зонасы.Бұл зонаның тек күшті толқын кезінде ғана жағаға жететін бөлігін құрғақ жағалау дейміз.
Жарамсыз жер-нашар жер деген сөзінен шыққан тік қабырғалы жыралары көп, өте күшті тілімденген жер бедері.
Өзен қабаты-(грекше өзен аңқыған) стросферада 10-15 км биіктік аралығында өзен газы шоғырланған қабат.
Ойпат-абсолюттік биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.
Ойпат батпағы-жер бедерінің ойыстарын алып жататын, көбінесе Еспе суымен молығатын батпақ.
Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера бір-бірімен жанасатын және әрекеттесетін қабат.
Жалпы географиялық карта анықтамалық, оқырмандарға елді мекендердің орналасқан, топырақ өсімдік жамылғысы туралы мәлімет беру.
Жыралар жер бетінің жауын-шашын, қарсуының бұзылу әрекетінен пайда болған тік қабырғалы ойпаң формасы.
Бір жылдық өсімдік өзінің тіршілік циклін бір өніп өсу кезеңі ішінде аяқтап үлгеретін өсімдік.
Орташа биік таулар-биіктігі 1000м-2000м дейінгі таулар.
Эпицснтр-Жер сілкінудің жер қойнауындағы ошағының үстінде жатқан жер бетіндегі орны.
Эстуарий-өзеннің теңіз жағына қарай беретін воронка тәріздес сағасы.
Этнография-(грек. этнос-халық, графо-сипаттау)-халық құрамы, шығу тегі, мәдениет,тарихина байланысты ғылым.
Эрозиялық аңғар-деп ағын сулардың әрекетінен пайда болатын аңғарларды айтамыз.
Фарватер-кемелердің қауіпсіз жүргізуіне тереңдігі жеткілікті су алқабының учаскесі, өзенде ағысы ең қатты су алқабы
Фиорд- әдетте мұздықтың табаны болған өзі тар әрі терең теңіз шығанағы.
Тымық-желсіз немесе өте баяу жел әдетте антициклондардың іш жақтарында байқалады.
3еогеография-жануарлар жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым физикалық географияның бір саласы.
Үстірт- үсті тегіс немесе белесті, маңайындағы жазықтардан жарқабақпен оқшауланып тұратын қыраң жазық .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет