Ноосфера - сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы Б. Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлың экологиялық өзара қарым-қатынастарды төрт заңга біріктіген
Бірінші заң — барлығы барлығымен байланысты.Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір көптеген басқа түрлермен байланыста болады.
Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларга әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ парепаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған.. Содан соң осы жорғалаушьшармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артьш кеткен. Кесіріткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаган. Олай болса масалар да қальштасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.