ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын корғау, сақтап қалу жэне көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.
Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.
1. Мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылатын биосфералық қорықтар да жатады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы өзінше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.
4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат байлығының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.
5. Мемлекеттік қорықтың белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы көбіне мемлекеттік қорықтармен шекаралас алқаптарда ұйымдастырылады.
6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар (заказник). Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар — кешенді зоологиялық ботаникалық, геологиялық ландшафтылық және т.б. бөлінеді.
7. Мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк). Қазіргі таңда еліміздің үш ірі қаласында (Алматы, Қарағанды, Шымкент) зоологиялық бақ ұйымдастырылған.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар (ботсад).
9. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.
10. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар. Оған Теңіз Қорғалжың және Ырғыз-Торғай аумақтары жатады.
ІІ.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.
12.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары
13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше алқаптары.
14.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры.
15. Ерекше қорғалатын табиги аумақтар саласындагы бақылау.