Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


б) Өсімдіктің генеративтік органдары



бет28/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

б) Өсімдіктің генеративтік органдары
Гүлдің құрылысы
Гүлді өсімдіктердің көпшілігінің гүлдері қос жынысты болады , бірақ дара жыныстылары да бар .
Жабық тұқымды өсімдіктердің гүл құрылысы мына бөлімдерден тұрады: тостағанша жапырақшалары (тостағаншалары), жапырақшалары (күлте), аталық және аналық .
Өсімдіктердің көпшілігінің тостағаншасы жасыл болады. Күлте ашық реңді күлте жапырақшалардан құралады . Аталықтың аталық жіпшесі және екі тозаң қабы болады . Тозаң қапта тозаңдар (аталық клеткалар) пісіп жетіледі. Аналық төменгі жуантық бөлігі — түйіні ; ортаңғы жіңішкерек бөлігі— мойны және жоғарғы бөлігі — аузы болады .
Гүл шоғырлары
Гүлді өсімдіктер бірте-бірте дамыған . Гүлдің көлемінің кішіреюі оның өскелеңдігінің белгісі .
Табиғатта ұсақ гүлдер өте көп. Көптеген өсімдіктердің ұсақ гүлдері жинақтала келе гүл шоғырын жасайды .
Кейде гүлдер сабақты бойлай шығады: мысалы, інжу гүл, мойыл, қызыл қарақат. Мұндай гүл шоғыры шашақ гүл деп аталады. Егер гүл сағағы бұтақталған гүл шоғырын түзсе, күрделі шашақ гүл делінеді. Сұлының, тарының және сиреньнің гүл шоғырлары осындай. Егер сабақты бойлай шыққан гүлдердің гүл сағағы жоқ болса , онда мұндай гүл шоғырын жай масақ дейді , бұған тартар жапырақ мысал бола алады . Кейде масаққа гүлдер жеке-жеке орналаспай , оның орнында екінші қатардағы масақтар шыққан болса, мұндай гүл шоғырын күрделі масақ деп атайды. Барлық масақты астық тұқымдастардың гүл шоғырлары осындай болып келеді .
Гүлдердің барлығы сабақтың жоғарғы ұшына жинақталса — гүл шоғырының басқа типі пайда болады . Егер гүлдер гүл сағақсыз болса , онда гүл шоғыры шоқпарбас гүл болады . Беде гүл шоғыры осындай . Гүл сағағы бар гүлдер сабақтың жоғарғы ұшындағы бір нүқтеден таралса , шатырша гүл шоғыры түзіледі. Шатырша гүлдер жай шатырша және күрделі шатырша гүлдерге бөлінеді, егер гүл сағақтары бұтақтанбаса жай , ал гүл сағақтары бұтақтанатын болса — күрделі шатырша болады . Дегелек шөп , дөңгелек жапырақты бөлме қызыл қазтамағы , ақшұнақ өсімдіктерінің гүл шоғырлары жай шатыршалы. Күрделі шатырша гүл көп тараған мысалы , аскөк , сәбіз және басқа да көптеген шатырша гүлді өсімдіктер .
Жайпақ табақша тәрізді жуанданған сабаққа тығыз болып орналасатын гүлдер де бар. Мұндай гүл шоқтарды себет гүл дейді. Бақ-бақ , күльбаба, түймедағы, маргаритка , күнбағыс , кекіре , т. б. өсімдіктердің гүлдері осы типтегі гүлдер .
Кейбір гүл шоғырларында ұрықсыз гүлдер де болады , оның аналығы да, аталығы да болмайды , тек күлтесі болады . Түймедағының ақ «күлте жапырақшалары», күнбағыстың сары «күлте жапырақшалары» деген не ? Бұл жапырақ тәрізді пішінге енген гүл күлтесі болып табылады . Тақтадан тақтаны бойлай бес сайлы жолақты көруге болады . Ашық реңді гүлдер себет гүлді жиектей орналасады да , гүл шоғырларына насекомдарды еліктіреді. Ал нағыз түтік тәрізді қос жынысты гүлдер ажарсыз болады .
Кекіре гүл шоғырының жиегіне шыкқан гүлді бөліп алып , оның ішіне үңілейік. Онда аналық та, аталық та жоқ екендігін кереміз. Түтік тәрізді ажарсыз нақтылы қос жынысты гүлдер гүл шоғырының ортасында болады .
Шәңгіш шатырша гүл шоғырлы . Шатыршаны жиектей үлкен ақ гүлдер шыққан. Бұл дәл қағаздан тіліп алынған жалпақ қалақша тақта тәрізді. Гүлдің аналығы да, аталығы да жоқ. Ал нағыз ұсақ гүлдер осы гүл шоғырының ортасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет