Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жас ерекшелігі және әлеуметтік психологиясы»


Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатнас



бет18/31
Дата07.02.2022
өлшемі260,5 Kb.
#84165
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
8767d319-3704-11e3-a987-f6d299da70eeВоз пс-3
О у жылында 0111000-«Негізгі орта білім беру» маманды ы 0111093-, О у жылында 0111000-«Негізгі орта білім беру» маманды ы 0111093-, 10-сынып-1904-нұсқа, сож, №1 тапсырма, 1-3, Силлабус Денсаулықты нығайту, 2, 8
Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатнас. Жеткіншектің өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне қамқорлық жасағанға ауырсынып, әке-шешесімен қарым-қатнасын теңдік негізінде қайта құруға тырысады. Бұл тенденция жас өспірімдік кезде де жалғасады. Бірақ жететін автономияның нақты дәрежесі мен табиғатықандай? Жас өспірімдердің әлеуметтік психологиясына ғылым ретінде жастар қашан, қай жерде болмасын «бүлік шығарады», «ұрпақтар даудамайын» туғызадыдеп пайымдайтын сыңаржақ теориялар көп зиян тигізеді. Шын мәнінде әкелер мен балалардың өзара қарым-қатнастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен сипаты, семьяның құрылымы, тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т.б. сияқты әлеуметтік жағдайлардың тұтас бір жиынтығына байланысты. Қалыптасып келе жатқан адамның өз ұмтылыс-талаптарына тежеу болатын тәрбиелердің авторитарлық жүйесі іс жүзінде дау-жанжалдар туғызады, ал демократиялық тәрбиелеуде ондай болмайды. Алайда әке-шешелермен қарым-қатнастың жас өспірім кезінде елеулі түрде қайта құрылатынын көрмейтін ғалымдардікі де дұрыс емес.
Қазіргі психолгия есейген балалардың мінез-құлық автономиясы, эмоциялық автономия, моральдық және құндылық автономиясы болады деп шектеп, балалар автономиясы туралы мәселені нақты тұрғыдан қояды.
Жеткіншектер бәрінен бұрын, әлбетте, белгілі бір шекте, бос уақыт салаларында мінез-құлық автономиясына жектісі келеді.мәселен, қалалардағы мектеп оқушыларының көбі бос уақыттарын мектептен де, үйден де басқа жерде өткізгенді ұнатады.
Эмоциялық автономияның үлкен қиыншылықтары бар. Жас өспірімдерге әке-шешелері балаларында болған өзгерістерді жете бағаламайтындай, олардың толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары әлбетте дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары класс оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері үшін, егер біржола болмаса да, ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. Егер тәртіп тұрғысынан жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген эмоциялық проблемалар туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-қатнас ерекше күрделенеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген зерттеулер бұл жаста да шешенің балаға әкеден гөрі жақын болатынын көрсетеді. Алайда әке-шешемен қарым-қатнаста біраз салқындық болып, оларға айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балалардың интимдік әлемін күшейтуге бармай, екі жаққа да сондай қажет эмоциялық жылылық пен өзара түсінісудің сақталу-сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы мен әдептілігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет