Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет29/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Кешенді оқыту орталары
1. Оқытуды жобалау үздік оқу тапсырмаларын жасақтау негізі
2. Оқытуды жобалаудағы әлеуметтік және физикалық жағдайлар
3. Құралдар мен жасанды бұйымдар кешенін адам іс-әрекетімен біріктіру

Дәрістің қысқаша мазмұны:


1. Оқытуды жобалау – үздік оқу тапсырмаларын жасақтау негізі. Тапсырмадарды жасақтау көбінесе болуы қажет нәрсенің сипаттамасы түрінде мәтіндерді қүруға жетелейді. Білім алушылар бұл мәтіндерді өздігінше талдап түсінеді, сондықтан олардың бұдан соңгы іс-әрекетін осы мәтінмен ақпараттандырылатын (сирек жағдайда бағдарланатын) импровизация ретінде қабылдауға болады. Білім алушылар көбінесе осы негізгі мәтіндерді (курстың жоспарлары мен тапсырмалардың сипаттамалары сияқты) түсіну арқылы нақты жағдайда өздерінен не талап етілетінін анықтайды. Бұл үдеріс оңайлықпен іске аспайды. Бір жағынан, білім алушылардың мұндай іс-әрекеттің қалайша орындалуы керек екеніне байланысты өздерінің сенімі мен қалыптасқан тәжірибесі болады және олардың нақты осы қызмет аясында оқу тапсырмасының ерекшеліктерін өз ойында сақтау қабілеті жұмыс жадымен шектеледі. Екінші жағынан, білім алушылар өздері әрекет ететін педагогикалық оқу контексі аясына сай мәндерді танып, ұғына білуі керек. Орындалуға тиіс міндет туралы білім алушылардың түсінігі, соның ішінде жоба дизайнерлерінің ниеттері – нақты контекстегі білімдер мен практикаға байланысты астарлы әлеуметтік құндылықтарды түсіне білу. Яғни білім алушылар мәтінде қамтылатын бірқатар астарлы белгілерді «үғынуы» қажет (мұндай астарлы белгілер оқыту барысында вербалды, жазбаша, бейнелі немесе жасырын және астарлы түрде берілуі мүмкін). Білім алушылар «ойын ережесін» түсінгенде, олар өздерінен күтілетін міндетке сай әрекет етіп, нәтиже көрсете бастайды (мәтіндер және басқа жасанды еңбектер). Осы астарлы әлеуметтік құндылықтардың кейбірі практиканың нақты салаларындағы білімдерді қүратын түп негізгі ұйымдастыру принциптерін айқындайды. Олар жобалаушылардың тәжірибесін қалыптастыратын тапсырмаларды орындау амалдарын құратын педагогикалық коммуникацияның іске асырылу негізін қүрайды. Демек, тапсырмаларды дизайндау білім алушылар өздері әрекет ететін контекске арналған «ережелерді» білуі үшін ұсынылатын оқу іс-шараларының ауқымды әлеуметтік мазмұнын білдіру тәсілдерін де қамтиды. Қысқаша айтқанда, тапсырмалар жобаланатын объектілер ретінде: а) тапсырмалар архитектурасына; ә) пәнге, кәсіпке немесе практикаға тән білімдер жиынтығы мен таным тәсілдері – эпистемологиялық архитектураға кіріктірілғен құрамдас бөліктер ретінде қабылдануы қажет.
2. Оқытуды жобалаудағы әлеуметтік және физикалық жағдайлар
Оқу іс-әрекеті орындалатын әлеуметтік және физикалық орталарды ескеретін жобалауға әдетте дизайнер пайдалы болады деп ойлайтын мәтіндерді, құралдар мен жасанды бүйымдарды анықтау, іріктеу, ұсыну және/немесе жасауға себеп болады. Сонымен қатар бұл білім алушыларды басқалармен өзара әрекеттесуге, яғни еңбек бөлінісіне, топтарға бірігуте және рөлдерді бөлісуге жетелейді. Тапсырма сипаттамалары сияқты, әлеуметтік-материалдық дизайндаудың осы компоненттерін білім алушылардың өз бағыт-бағдарын таңдауға көмектесетін ресурсы ретінде қабылдаған жөн. Олардың қолдану тәртібі белгіленіп қойса да, білім алушылар шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік табады. Оның үстіне адамдардың, құралдардың, жасанды бұйымдардың және орындардың күрделі желісінің аясында жұмыс жасау – автоматтандырылған да, бір нәрсеге тәуелді де үдеріс емес, оңтайлы жұмыс, жетістік ретінде қарастырылуға тиіс. Оқыту моделі барлық деңгейлерде еркін қызмет етуге тиіс
Оқыту дизайнын мезодеңгейдегі құбылыс деп қарастырған жөн. Яғни іс жүзінде білім беруді жобалау бірнеше жыл немесе секунд емес, бірнеше сағат немесе күнге есептелген оқу тапсырмаларын жасақтауға ден қояды. Бұл макродеңгейдегі жоспарлаудан (кампусты қайта жоспарлау; кітапхананы толықтыру) немесе білім алуышлардың қаламсап, қағаз немесе оқудағы жолдасын таңдауы сияқты ұсақ-түйектерден гөрі бөлмелердің орналасуын жобалау немесе нақты мәтіндерді ұсынуға көбірек сәйкес келеді. Деғенмен ұсақ-түйектерден туындайтын қиындықтар мен макродеңгейдегі құбылыстар мезодеңгейдегі іс-әрекетке орасан ықпалын тигізуі ықтимал. Яғни жобалау мезодеңгейді басты назарға алғанымен, ол макродеңгейден микродеңгейге дейін және кері бағытта іске асатын ықпал тізбектерін ескермеуі мүмкін емес. Оқытуға арналған құралдар, жасанды бұйымдар мен басқа да материалдық-цифрлық ресурстар арасындағы өзара байланыстарды физикалық архитектураның компоненттері ретінде қарастырған дүрыс. Сол сияқты, түлғааралық қызметтік қарым-қатынастар, еңбек, рөлдерді үлестіру т.б. әлеуметтік архитектура деп аталатын құбылысты құрайды. Қорытындылай келе, мейлі, біз қолда бар оқу жағдайын талдайық немесе жаңасын жобалауға талпынайық, бізге оқу іс-әрекетін және нәтижелерін құрайтын өзара әрекетгесуші адамдардың, объектілердің, іс-шаралардың, мәтіндердің т.б. желілерін түсіну амалдары қажет. Біз нақты жасанды бұйымдар қызметіне әсер ететін ғаламдық ықпалды анықтауға және тілдің, ойлаудың және заттардың өзара ықпалын ескеруге қабілетті болуымыз керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет