Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»


Оқу әрекетінің нәтижелеріне бағытталған дизайн



бет31/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Оқу әрекетінің нәтижелеріне бағытталған дизайн
1. Оқу әрекетінің нәтижелеріне бағытталған дизайн
2. Технологиялық бай ортада белсенді оқытуды жобалау. Білім алушылар үшін дизайндау
3.Цифрлық ресурстар мен технологияларды қолдана отырып дизайндау
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оқудың нәтижесі – білім алушының бойында көрініс табады деп күтілетін белгілі бір елеулі өзгерістер. Ассоциациялық ұстаным түрғысынан оқу нәтижесінде күтілетін өзгерістер білім алушылардың мінез-қүлқынан анық байқалады, мысалы, белгілі бір дағдыларды шебер орындау және тұжырымды дәлме-дәл жеткізе білу қабілеті т.б. Оқуға қатысты конструктивті ұстаным танымдық өзгерістерге көбірек мән береді, бірақ бағалау нәтижесі білім алушылар жағдаятты түсіну мен проблемалардың жаңа түрлерін шешуде басқаша тұжырымдамалық қүрылымға жүгінуі мүмкін. Оқуға қатысты жағдаяттық ұстаным нақты жағдайларда байқалатын нәтижелерге жетелейді. Мысалы, жаңа проблемаларды шешуге атсалысатын білім алушылар анағұрлым беделді рөлдерге ие болады немесе жағдаяттық ережелер мен күтілетін нәтижелерге сай әрекет етеді. Жалпы айтқанда, бұл – ең басты мақсатты анықтайтын оқу мүмкіндіктерін жобалау.
Шын мәнінде, «дизайн» термині – көбінесе «мақсат» немесе «ниет» сөздеріне синоним. Дегенмен, білім алушылар өздерінің жеке даму мүдделеріне қатысты нәтижеге қол жеткізу үшін немесе өздері білім алып жатқан ауқымды оқу бағдарламасына немесе оқу контексіне сай өз орнын айқындауға қабілетті болу арқылы ынталандырылып отыруы керек. Іс-әрекеттің негізгі бағыттарына сай, ағылшын тілді елдердегі заманауи оқу тәжірибесі оқу нәтижесін мақсат тұтады және төмендегідей үлгі түрінде сипатталуға тиіс: докторант қабілетті болады, мұндағы етістік докторант жүзеге асыратын (мысалы, шешімін табатын, сипаттайтын) іс-әрекет түрін білдіреді және біліктілік қолданылатын контексті, саланы немесе әдісті (мысалы, шаршылық теңдеуді шешу, бала бағу қызметтеріне қатысты жақында қабылданған заңнамалық актілердің ықпалы) білдіреді. Нәтижелер тіпті білім жетістіктерінің деңгейлері мен олардың қалай бағаланатынын анықтайтындай етіп жазылуы да мүмкін, бірақ көптеген білім беру жүйелерінде мүндай ұсақ мәселелер бағалау үдерісінде қарастырылады. Блумның таксономиясы сияқты оқу нәтижелерін анықтауға арналған таксономия түрлері әдетте жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі оқытушыларға арналған білім жетілдіру курстарда кіріспе түрінде оқытылады, сондықтан олардың мәдени ықпалы айтарлықтай зор. Қазіргі таңда оқу нәтижелерін Еуропалық Одақтағы жоғары білім берудің негізгі «құрылыс кірпіштері» ретінде Болонья процесі мақұлдаған. Оқу нәтижелеріне және олармен байланысты таксономияға қатысты сыни көзқарас – оларды жобалаушылардың білімге, дағдыларға және құндылықтарға қатысты нәтижелерді жеке қарастыру тенденциясы. Бұл айырмашылықтар оқу тәжірибесінің түрлі аспектілері не үшін жасақталып бағаланатынын тиімді түрде тексеруді қамтамасыз ете алатынына қарамастан, тұжырымдамалық тұрғыдан алғанда мұндай жіктеу пайдасыз болуы мүмкін. Мысалы, тұжырымдамадық дағдылар олардың тәжірибелік қолданысына қатысты нақты тұжырымдамалардан тәуелсіз игеріледі деу мүмкін емес сияқты болып көрінеді әрі бұл студенттердің дағдыларды игеруге деген мотивациясы мен олардың болашақ мақсаттарына қажетті дагдыларга негізделген сәйкес іс-әрекетті саналы түрде ұғынуы арасындағы тығыз байланыс арқылы түсіндіріледі. Шын мәнінде, білім түрлері мен тұжырымдамалық іс-әрекет түрлері арасындағы тығыз байланыс – оқытуды дизайндаудың нақты пәндер бойынша арнайы білімдерді қажет етуінің негізгі себебі болып табылады.
Дағдылардың, тұжырымдамалар мен құндылықтардың өзара байланысының маңызды салдары ретінде оқу нәтижелерінде цифрлық мүмкіндіктердің тиянақ- ты түрде қалыптасуын айтуға болады. Бір жағынан, мұндай мүмкіндіктер күтіле- тін және бағаланатын нәтижелерде қолданыс таппаса, білім алушылар цифрлық технологияларды өз тәжірибесінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдамайды.
Екінші жағынан, оқыту үдерісін дизайнға түсірушілердің өздері мұндай мүмкіндіктер олардың нақты нәтижелерін – оқытуға ерекше мәртебе беруді ақтап шыға ала ма, әлде нәтижелер цифрлық технологияларды іс-әрекет түрлерінің барлық саласында қолдану мүмкіндігін қамтып, кең ауқымды оқу мақсаттарын қолдайтындай етіп жазылуы қажет пе деғен мәселені шешуге тиіс. Нәтижеге негізделген оқу үлгісі білім алушылардан оқу бағдарламасы мен оны бағалау мақсаттарының өте қатаң сақталуын талап етеді. Бұл білім алушылардың шынайы бағалау нәтижелеріне жетелейтін тапсырмаларды ғана орындайтын стратегиялық тәсілдерді қолдануына жағдай туғызады. Жазбаша нәтижелер оқудың оңай бағаланатын жақтарына баса мән беріп, мысалы, білім алушылардың дамып отырған құндылықтарын, олардың оқуға қабілеттілігін және байқала қоймайтын немесе күтпеген нәтижелерін елемейді. Дегенмен, нәтижелер білім берушілерге кең мүмкіндіктерін түрлі тәсілдермен көрсетіп, тіпті жобалаушылар қарастырмаған жаңа тұғырларды ашуына жағдай жасайтындай деңгейде жазылуы мүмкін. Іс-әрекет үдерісін, сондай-ақ оның ақырғы нәтижесін бағалау – студенттерғе күтілмеген нәтижелердің қүндылығын сезінуге және алға қойған міндеттерді шешудің жаңа жолдарын жасақтауға көмектесудің тағы бір амалы. Цифрлық және ақпараттық сауаттылықтың таксономиясы және цифрлық түғырлар мен оқу мүмкіндіктерін қамтитын маңызды нәтижелерді жазуға қолдау көрсету үшін Ұлыбритания университеттерінде жасақталып, онда Блум таксономиясының нұсқасы келтірілген. Шын мәнінде, цифрлық технологиялардың қазіргі буыны дұрыс та, бұрыс та шешімдері жоқ нәтижелерді қолдауға өте ыңғайлы. Модельдеу және виртуалды зерттеу тапсырмалары ізденіске көмек көрсету үшін қолданылуы мүмкін; блогтар мен электрондық портфолио білім алушыларға оқытудың кең ауқымда айқындалған мақсаттарына қатысты мәліметтерді жинақтауға жәрдемдеседі; әлеуметтік және бірлескен технологиялар оқытуды және оның нәтижелерін үдеріс барысында іске асыру үшін қолданылады. Білім алушылардың өздерінің оқуына жәрдем болатын құралдар мен қызметтердің кең қатарына қол жеткізе алу фактісі қандай да бір тапсырманы қалайша орындау қажеттігін реттейтін тым қатаң ережелерге қарсы қойылады. Дегенмен нәтижелер қатары кең болсын десек, бұл – тұғырлардың ауқымды тізбегі қолдау мен кері байланысты қажет етеді деген сөз. Нәтижелі дизайндар, білім алушылар жауаптарының алуан түрлі болуына тиімді қолдау көрсететін оқу ресурстары жеткілікті болса ғана олардың сұраныстарына көбірек бейімделген, бағытталған болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет