Баяндау әдісі - географиялық құбылыс объектілерін сипаттау арқылы оқушының көз алдына елестету, эстетикалық талғам қалыптастыру, дидактикалық мақсат қою.
Дәріс-бұл оқушының ойлау қабілетін дамыту, жоспар бойынша жүргізу.
№7 дәріс Георафияны оқытудың проблемалық әдісі
Дәріс мазмұны: 1.Проблемалы оқытудың негізгі ұғымдары.
2.Проблемалы оқытудың жолдары.
Проблемалық оқытуды география сабағында кез келген тақырыпты өтуде түрліше ұйымдастыруға болады. Оның тараған екі жолы бар:
1.Проблемалық мәселелерді қоя білу.
2.Проблемалық ситуация құру.
Бұндай жолды шешу үшін әртүрлі білім көздерін қосымша материалдар, оқулық мазмұнын, карта, сурет пайдаланылады. Проблемалық ситуация оқушының ақыл-ой әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, онда салыстыру, іздестіру тәсілдерін пайдалануды қажет етеді. География сабағын өтуде салыстыру тәсілдерін қолдану бірінші жолға қойылады.
Салыстыру дегеніміз - жеке табиғат комплексінің жеке құбылыстар мен объектілердің өзара ұқсастығын немесе олардың айырмашылығын білу.
№8 дәріс Географияны оқытуда білім мен іскерлікті қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |