Дәріс мазмұны: 1.Теориялық білімдер қалыптастыру.
2.Географиялық ұғымдарды қалыптастыру әдістері.
Мектеп географиясында оқушыларға ғылыми коммунистік көзқарасты қалыптастырудың маңызы
Ғылыми техникалық революция дәуірінде адамның табиғатқа тигізетін әсерінің көлемі қауырт артты. Сондықтан оқушыларды табиғатты қорғау мәселелерімен таныстырудың дүние танымдық маңызы елеулі. Курс мақсаттарына сәйкес оқулықта табиғат пен адам қоғамының өзара байланыстарының мәнін ашуға зор көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен табиғатты Ф.Энгельс айтқандай «қандай болса, сондай күйінде түсінуді құрамды, компонеттері өзара байланыста және үнемі әрекеттес болатындықтан табиғатты комплексті күйінде қабылдауды қалыптастыру қажет. Сонымен бірге экватордан полюске қарай ауысып отыратын жер шары табиғатының алуан түрлі келетініне оқушылардың көзін жеткізу, табиғат факторлары белсенділігінің әртүрлі келетініне есепке ала отырып, табиғат жағдайларының сан алуан түрлі болатынын білдіретін және анықтайтын заңдылықтарды білуі және түсінуі тиіс.
№9 дәріс Оқушыларға дағды мен іскерлікті қалыптастыру