ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау



бет18/51
Дата18.02.2017
өлшемі5,52 Mb.
#10309
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51

2.Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау

Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жетекшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.

Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады:


Физикалық құбылыс жайында:

1.Құбылыстың белгілері, оның анықтамасы.

2.Оның өту мен байқалу шарттары.

3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу.

4.Оның басқа құбылыстармен байланысы.

5.Құбылыстың практикада ескерілуі.



Физикалық шама жайында:

1.Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері.

2.Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула.

3.Физикалық шаманың анықтамасы.

4.Оның өлшеу бірліктері.

5.Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері.



Физикалық заң жайында:

1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды.

2.Заңның тұжырымдамасы.

3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт.

4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру.

5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары.



Нысан жайында:

1. Нысанның жалпы сипаттамасы.

2. Пайда болу шарттары.

3. Нысанның физикалық қасиеттері.

4. Сапалық сипаттамалары.

5. Модель.

6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.

7. Оның мүмкін күйлері.

8. Практикада пайдаланылуы.

Тәжірибе жайында:

1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.



Приборлар жайында:

1. Құрылғының қызметі.

2. Құрылғының сызбасы (схемасы).

3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.

4. Қолданылуы.

Бағалауға келесі іскерліктер жатады:

- табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану;

- оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;

- белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;

- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.

Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі:

- тәжірибені жүргізуді жоспарлау;

- схема бойынша қондырғыны жинау;

- өлшеуіш приборларды қолдану;

- бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу;

- өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін);

- істелген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау.

Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген.

«5» бағасы қойылады, егер оқушы:

- қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдар мен теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда;

- алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс орындағанда;

- жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды қолданғанда, практикалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді қолдана білгенде;

- физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, сондай-ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде;

- қателіктерді дұрыс талдағанда.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.

Білім, дағды және іскерлік беріктігі - практикада еркін қолдануда, оқушылардың жадында тұрақты бекітуді, оқу материалын игерудегі тыңғылықты білдіретін дидактиканың ұстанымы.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерін көрсетіңдер.

  2. Оқушылардың білім, іскерлік және дағдыларын тексерудің маңызы мен қажеттілігі қандай?

  3. Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалаудың түрлерін көрсетіңдер.

12-тақырып. Физиканы оқытуда техникалық құралдарды пайдалану

Дәріс жоспары


  1. Техникалық құралдар. Олардың түрлері

  2. Сынып тақтасымен жұмыс.


Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Техникалық құралдар. Олардың түрлер

Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз.

Орта мектептердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.



Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классификациясы бар. 12-суретте соның бірі келтірілген.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.

Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада проекциялайтын прибор; эпидиаскоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.





12-сурет. Оқытудың техникалық құралдары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет