Физикалық есеп – ол оқушының алдына қойылатын қандай да бір мәселе.
Сапалық есептер – есепті шығару барысында физикалық шамалардың арасында тек сапалық тәуелділігі ғана тағайындалатын есептер.
Сандық есептер – есепті шығару барысында физикалық шаманың арасындағы сандық тәуелділік тағайындалатын есептер.
Есептеу есептері – есептің нәтижесі математикалық амалдардың және есептеулердің көмегімен алынатын есептер.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Физика есептерінің классификациясын көрсетіңдер.