Поәдк №3 Базалық білім



бет18/46
Дата31.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155924
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Байланысты:
abaitanu keshen (1)

Шәкәрім Абайға пәлсапашылдыққа бой ұруы жағынан жақындайтынын байқаймыз. Дүние- болмыс қалай жаратылған деген мәселе Шәкәрімді де көп толғандырған:
Талайдан ой бар менде:
Бар әлемді жаратқан не?
Жоғала ма жан өлгенде,
Түзу істер іс қалай?
Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние?
Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?
Білімсіз мақсатсыздан шыққан болса,
Мақсат, білім, ой шықты мұнан неге?
Осындай сауалдарға беретін жауаптарынан ойшылдыққа бой ұру ғана емес, сонымен қатар ақындық сезімінен әсерлілігі, бейнелеп айту шеберлігі де жақсы аңғарылады:

Күн батып, Ай, Жұлдыздың айналуы-


Шынында дөңгеленген Жер жүрісі-ау.
Күн жауады, көз шағылды найзағайдан,
Судан от жаратылып шыққан ану.
Күн нұрын, Жер жүрісін, көлеңкені
Жарық уақыт, қараңғы деп атаймыз.
Жоқ болса ыстық, жарық, қараңғылық,
Біздің мүмкін бе еді барлығымыз?
Шәкәрім дүниенің, табиғаттың кереметтігі, керексіз бір тозаңы жоқ болып жасалған кемелдігі жаратушының шексіз қуаттылығын танытады дейдй.
Себебі толымдының ісі толық,
Ең түпкі жаратушы-мінсіз ие.
Күш, білім, шеберлікті іс білгізер,
Есті, мінсіз шебердің ісі емес пе?
О дүниеде адамның адал, арамдығы сыналатын «бір тексеру болмай қоймас» деген ойын ақын адамгершілік мақсат тұрғысынан дәлелдеуге тырысады.
Егер құдай барлығы анық болса,
Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес,-
дейді келіп:
Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Осы өмірдің азығы-осы ұждан,-
деп тұжырымдайды.
Сонымен қатар жан деген ұғымды Шәкәрім кең мағынада алып түсіндіреді:
Жаралыс басы- қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің, бір мән де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән жаратқан.
Қозғалған қуат жан дейміз,
Жан өсті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң
Жаралды сансыз тән дейміз.
Жанына қарай тән солар.
Ал енді Сұлтанмахмұтты алсақ, оның әлем-дүние, өмірдің мағынасы, адам тағдыры туралы ой толғауы да көбінесе әлуметтік көзқарас тұрғысынан келеді. Ол бірде:
Қандай мән бұл адамның өмірінде?
Дәм тартқызар үміт не көңілінде?
Туысында еріксіз жердің құрты,
Және еріксіз аһ ұрып сенуінде,-
десе, тағы бірде:
Дүниенің дөңгелігі айналады,
Кім үстінде гөлайттап жиналады.
Кім астында езілер саз балшықтай,
Білмеймін түді неге айналады.
Үстегіде не қасиет, астағы да
Не жазды деп еріксіз ойланады.
Үстегі сындырмаған шөптің басын,
Сонда да тамағы тоқ, киімі асыл,
Жасаулы, зейнеттеулі палатады
Қызметкер дайын қылар керек асын,
Он жыл қызмет бір кедей қылып таппас
Қондырған бір жүзікке асыл тасын.
Бір кедей жылдық тамақ етер еді
Өңдеген бояуына бет пен қасын.
Сұлтанмахмұт ой сонылығына, сөздің қарапайымдылғы мен терең мағыналылығына айрықша мән беріп, бұл бағытта Абай өнегесін жақсы жалғастырады.
Абай өз заманынан, өткен ғасырдағы қоғамдық құрылысқа сын көзімен қарап, «жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін» деп сипаттайды. Сұлтанмахмұт Абайдың осы дәстүрін берік ұстады. Ол да өткен дәуірді, қанаушылар үстаемдік еткен, әділдіктің жоқтығы адамды сорлы қылған заманды суреттегенде «бақытсыздық дүние толған, нақақ қан, нақақ көз жас дария болған» деген секілді сипаттауларды қолданады.
Ақын сол заманды, сол кездегі өмірді бірнеше көркем бейнелі айқындаулар арқылы ұтымды етіп көрсете алған.
Дүние- алдау екен, алдасуда
Өз обалым өзіме қаласам кейін,
Дүние-жеу, жегізу майданы екен,
Жеңе алсам жеймін демей мен не дейін.
Әділдік болады деп тоса берсем,
Өзімді жеп қоятын оған дейін.
Байып алып, біреуді мен де жекпей,
Неге өгіз боп оларға жегілейін?!
Осылай етіп ақын дүниені, айналасындағы өмірдің біреуі түбіне жетіп тынатын «жеу, жегізу майданы» деп сипаттап, дүние, заман сияқты ұғым мен сол ортада өмір кешкен жеке адам тағдырын қатар алып айтып отыр. Бірақ байып алып, басқаны жегу әркімге тиетін үлес емес екенін де ақын жақсы түсінеді. Және ол осыны мұрат етіп отырған жоқ. Тек заманның, ортаның, әділетсіздік, зорлық-зомбылық бел алған қоғамның адамның ой-санасына қандай әсер ететінін ғана айтып отыр. Мұны біз ақын тағы бір тұста дүниені, заманды және жеке адамды қарама-қарсы қойып сипаттағанда әсіресе анық байқаймыз:
Жан иесі жегелі бірін-бірі
Өлмеу үшін аузын ашқан заман.
Дүние-өзен, ағысын кім тоқтатар,
Ағып кете баратын мен бір салам.
Қанаушылар үстемдік еткен қоғамда қарапайым халықтың халі қаншалықты аянышты екенін бұдан айқын, әсерлі етіп айту қиын-ақ болар.
Халық өмірі, бүгінгісі мен кешегі туралы ойланып, тебіренгенде Мағжан да өзі алтын хакім деп атап, айрықша ардақтаған Абай үлгісінен алыстамай, ашынып, ащы сын пікірлер айтудан табынбайды.
Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай барлық ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп,-
деп күңіренген ақын, тығырыққа тығылған елге шығатын жол сілтемек ниетпен, қала салмақ, мектеп пен медреселер көп болса дей келіп:
Жиылмай өнерге аяқ баса алмаспыз,
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз,-
деп жұртты жігерлендіруге ұмтылады.
Әрине, түгелдей алғанда Мағжан поэзиясында қоғамдық мәселелерді қозғау, талдап-баяндаудан нәзік сыршылдық басым жатыр. Мағжанның сыршылдығы-сезім тереңдігінен туатын еш бір жасандылығы жоқ, нағыз лирикалық сыршылдық. Өмірден алынған сезім-әсерлермен нәрленген, көркем қиялмен қанаттанған сыршылдық. Сезім қуаттылығына, нәзіктігіне орай тілінің, әр сөзінің келісті көркем болуы да-ақынның суреткерлік шеберлігінің басты сипаты. Бұл жағынан алғанда Мағжан-қазақ поэзиясында өзінше тың өрнек тапқан, үздік шыққан ақын. Мағжан ақындығының осы өзгеше қасиетін, оның сирек кездесетін сыршылдық дарынын жете түсінген, жоғары бағалаған адамның бірі-Жүсіпбек Аймауытов болды. «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті»,-деп дәл тауып айтқан. Мағжанның осындай сыршылдығы Абайға да жат емес десек, мәселе, әрине, нақтылы шығармаларды салыстырып, тікелей ұқсастық табуда емес. Абайдың көңіл-күйі лирикасына немесе табиғат лирикасына жататын өлеңдерінде сыршылдық сарыны айқын корінеді. Алайда тұтастай алғанда Абайдың таза сыршыл болып көрінетін тұсы көбінесе ақындық дарынның бір қыры ғана болса, Мағжанда сыршылдық, сезім нәзіктігі үнемі басым келеді. Сондықтан Мағжан Абай дәстүрлерін негізінен сыршылдық лирика саласына өрістеткен дей отырып, оның поэзиясындағы өнерпаздық өзгешелігіне көбірек назар аударған дұрыс дейміз. Және ақынның жеке пікірлерін, сөздерін бағалағанда, соның қай жерде, қандай контексте, қалай айтылғанын да ескеру қажет. Мағжанның, мысалы, өмірдің өтуі, адам тағдыры жайлы мынадай сөздерін еске алғанда:
Өмір-көпір, от үстінде салынған,
Діңгектері зәндем отқа малынған.
Қорқу білме, аяқтарын таймасын,
Ойнап қана өт, шарпу көрме жалыннан.
Өмір-өзен, сылқ-сылқ күлер, сылдырар,
Қайда ағады, оның жөнін кім сұрар?
Аққан сумен біз де ағармыз, кетерміз,
Ағынға ермей, жағасында кім тұрар?-
Осыны жас сұлуға сыр ашқандай ғып айтып отырғанын, ертең ер жеткенде «көп уланған, көп сүйген», «көп жылаған, көп күлген» ақын ағым болып еді дегейсің» деп наз қылып, яғни, өзінің жылы сезімге беріліп толқыған көңіл күйіне орай айтып отырғанын ойдан шығармаған жөн. Өмірдің келеңсіз, көлеңкелі жағы бар десе, оны «сұм өмірдің күлін көрме, гүлін көр» деген түйінді ойына сабақтастыра айтып отыр. Ал «Қорқыт» атты поэмасындағы:
Ақын-жел, есер, гүлер жүйрік желдей,
Ақын- от, лаулап жанар аспанға өрлей,
Қиялы, жан жүрегі-ойнаған от,
Ақынды аласұртар тыныштық бермей,-
деген сөздерді Қорқыт жолын қуып, мұрагері болғандай кейінгі ақындардың жинақтап алған бейнесін сипаттауға деуге болады. Сонымен бірге бұл сөздер ажалдан қашып құтылу ниетімен дүниенің төрт бұрышын шарлаған Қорқыт бейнесін көтермелеу үшін шабыт үстінде айтылғаны да айқын емес пе? Ендеше:
Өмірде арманым жоқ Қорқытқа ерсем,
Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.
Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,
Құшақтап қобызымды көрге кірсем,-
дегенді де Мағжан өлім күйін шерткен екен деп сыңаржақ пікір түймей, алдымен «атасы ақындардың ақын Қорқыт» деп, соны қастерлеу үшін әдемі әсірелеп, әсерлі етіп айтылған деп ұққан дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет