13 – дәріс: Абайдың сатирасы
1. Абай аудармаларындағы сатира
2. Абайдың төл шығармаларындағы әзіл-ажуа
3. Абайдың 22, 29-қарасөздеріндегі сатира
Әдебиеттер:
Абай және қазіргі заман.Алматы, «Ғылым»,1994
М.Мырзахмет. Абайтану тарихы. Алматы,1994
А.Машанов. Әл-Фараби және Абай. Алматы,«Қазақстан»,1994
М.Мырзахметұлы. Абай және шығыс. Алматы, «Қазақстан», 1994
Н.Г.Чернышевский. «Эстетическое отношение искусства к действительности».-Москва, 1945 г,-стр.117.
Абай Құнанбаев. Шығармалары.Алматы, «Жалын»,1995
Абай және қазіргі заман. (Өмірі мен әдеби мұраларының жаңа қырлары).Алматы, «Ғылым» 1994
1.Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған.Ең бірінші аудармасы –орыстың атақты ақыны Лермонтовтың «Бородино» атты патриоттық өлеңінен үзінді.Ең соңғысы – «Вадим» атты Лермонтовтың ұзақ әңгімесінің желісін оқиғасын алып,өзінше қысқартып жазған поэма.
Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр.Олардың ішінде лирикасы да,баснясы да ( мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар.(Солардың ішінде «Қарға мен түлкі» атты басия екі түрлі вариантта аударылған)
Орыстың атақты жазушы-ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес,бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады.Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің «Онегині» тек Азербайжанда ғана аударылған. Сонан кейінгі аударған қазақ-Абай. Қазақпен салыстырғанда,ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен Сарыарқада жатқан Абай орыстың ұлы ақыны Пушкиннің дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған еңбегінің ұлылық қасиетін танып ,Татьянаның үнімен даланы үнімен жаңғырықтыруы –қазақ үшін мақтанарлық іс.
Бұл өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары ) ,буын саны бірдей болмағандықтан, дәл емес деуге болмайды. Мазмұны,сол мазмұнды берудегі образ, сөз мәндері дәлме-дәл. Сондықтан біз мұны дәлме-дәл аударма деп санаймыз. Дәл аударманың осы соңғы түрімен байланысты айтылған «Қанжар», «Дұға», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Терек сы йы», «Өзіңе сенбе ,жас ойшыл» , «Еврей күйі» бәрі де «Онегиннің сипаты» тәрізді ұйқас,буын сандарын сақтамағанымен,мазмұнын обарзарын бұлжытпай дәл беру әдісімен аударылған.Кейбіреулерінде шумақ не бірнеше жоладарын Абай аудармай кететіні рас. Бірақ ол –өз алдына мәселе. Біздің бұл жердегі айтпағымыз – ақынның неге аудармағаны емес, аударған жерлерін, өлеңдерін қалай аударғаны. «Онегиннің сипатынан» келтірген үзіндінің орысша, қазақшасын салыстыра оқыған адамға дәлдігі айқын. Кім аударса да ,бұдан артық жанды етіп аудара алуы екіталай.
Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары»,Крыловтан аударған кейбір мысалдар және қара сөзден өлең еткен «Вадим поэмасы. Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі,өз ұғынуынша әдемілеп айтып береді.Солардың үлгісін ғана алып,өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Кейде орыстың ол кездегі жоғарғы топтарының өмірінде аузына түспейтін сөздерді де Абай Татьянаның аузынан шығарады.
«Қаймақ еді көңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сөз жоқ өмірімде,
Мен де сорлы, бақыты кем...»
(Абай, ІІ том, 81 бет)
«Қаймақ пен қаспақ» - «Евгений Онегин» романында мүлде жоғы былай тұрсын,орыстың ол топтарының адамдарының мүлде басына келмейтін сөздер. Абай аудармаларының екінші түрі осы тәрізді ерікті аудармалы өлеңдер.
Абай аудармаларын өзара екіге бөліп қарағанда,бірінші түрі қазақ әдебиет тарихында ең үлгілі,ең сапалы аудармалар болып саналады. Өйткені Абай - бір тілден екінші тілге аударылғанда сақталынуға керекті шарттардың негізін дұрыс анықтаған ақын. Сондықтан да ол өлеңінің мазмұны, түріне қарап,әртүрлі әдіс қолданады. Орыс тіліндегі өлеңдерінің дәлме-дәл аударуға келетіндері болса,қазақ өлең құрылысынан оған дәл,не жақын келетін түрлерді іздеп, «бұлжытпай» дәл беруге тырысады ( «Қараңғы түнде тау қалғып», т.б.).Оған болмаса, мазмұнымен қолданған образдарын дәл етіп береді. Бұл- аудару жұмысының жалпы заңы.
Бір тілден екінші тілге аударғанда қолданылатын ежелгі әдістерінің бірі.
Сонымен қатар Абай аудармаларының және бір үздік ерекшелігі- қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік,құндылығын,құлаққа қонымды,көңілге жағымдылығын қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы,әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл- аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып ,оны оригиналмен салыстырсақ сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, оригиналдың өзін оқығандағы әсерді аудармалардан ала алмайсың. Және оқығанда –ақ аударма екендігі көрініп тұрады.
Абай аудармаларында ол жоқ.Дәл бұлжытпай аударды деген өлеңдердің өзін алсақ та,қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Оригиналмен салыстырсақ,дәл оқысақ,өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерде айырма жоқ. Міне,аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де,бұл күнге шейін үлгілігі де осында.
Абай аудармаларының бұл тәрізді үздік болуының ,бізше, үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттылығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, әдемілік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы.
Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің қай түрінде болсын, мінездеу де өте кенже қалған әдіс болатын. Жырларда, не әртүрлі поэмаларда мінездеулер не кездеспейтінін, кездесе қалса, жұрнағы,сұлбасы ғана болатын.Жырларда кездесетін батырлардың бір-бірінен онша айрылмай,барлығы біркелкі болып кетушілігінің бір сабағы осы мінездеулердің бойы өсіп,бұғанасы қатпауымен байланысты. Батырлар жыры, не осы жырлардағы бір батырдың екіншілерден айырмашылығын көрсетпек болғанда, көбіне сыртқы портрет жағынан суреттеу арқылы жекелей көрсететін.
Абай қазақ әдебиетінің бұл кемшілігін сезді де ,орыс әдебиеті әсіресе Пушкин өлеңдерін аудару арқылы мінездеудің тамаша-тамаша үлгілерін қалдырды. «Онегиннің сипаты» деп аталатын «Евгений Онегин» романынан аударған үзіндісі адамның мінез-құлқын қалай суреттеу керектігін көрсетуде,бізше,өзіне шейінгі әдебиетте жоғы былай тұрсын күні бүгінге дейін теңдесі жоқ мінездеу.
«Жасынан түсін билеп,сыр бермеген,
Дәмеленсе,күндесе білдірмеген.
Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Кейде паң,кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз,кейде ынтық формыменен,
Кейде үндемей жүрсе де,сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,
«Дем алысым құмарым, бір сен» десе,
Жанын құрбан жолына қылған жансып,
Көз қарауы құрбылар әлденеше.
Кейде ұялшақ, төменшік,кейде тіп-тік,
Қамыққансып,қайғырып орны келсе.
Жай ,жаңа кісі болып түк білмеген,
Қалжыңын білдірмейді қалай деген.
Жаның шошыр,ерлігі жаннан бөлек,
Кісіге балдан тәтті орны келген ...»
(Абай,ІІ том,69 бет)
Бірақ мінездеу жөніндегі Абайдың үзіндісі тек орыс әдебиетіндегі жақсы үлгілерді аударуында ғана емес, өз бойына сіңіріп, өз шығармашылығында да үздік өнеге қалдыруында.
Абайдың поэмаларындағы Ескендір,Аристотель,Масғұт,Жәдігөй шал,Әзім,Хан қыз образдарын,олардың әрқайсысының мінездерін жекелеп көрсетуде шеберлігін былай қойғанда,өз кезіндегі болыс,билерді, атқа мінер қуларды сықақ еткен қысқа-қысқа сатиралық лирикаларының өзінде де адамның ішкі сыр-сипатын өте ашық,айқын етіп көрсетеді.( «Болыс болдым,мінекей», «Мәз болады болысың» «Дүтбайға», «Көкбайға»,т.бт. Дүтбайға:
«Жылуы жоқ бойының-
Жылмиғаны неткені?
Құбылуы ойының-
Кетпей құйтың еткені.
Мұңды жылмаң киімін
Кезек киіп,ел жиып,
Болыс болса,түсінің
Түксігін салар тырсиып.
Бір көрмекке тәп-тәтті
Қазаны мен қалбаңы.
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп,бықсып ар жағы,
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін жақсы көрініп.
Бүгін жалын, ертең шоқ,
Сөзі мен өзі бөлініп.
Әлі үміт,әлі серт,
Жын сықылды бұзылып.
Қулық емес бұл бір дерт,
Тұрлауы жоқ құбылып...»
(Абай, І том бет)
Улы сарказммен жазылған сатиралық осы кішкене өлеңнің өзінен де ақынның мінездеуге қандай ұсталығын көру қиын емес те болады.
Жоғарғы айтылғандарды қорытсақ , Абайдың аударма жөнінде де қазақ әдебиет тарихында орны айрықша екендігін көреміз.
Бірінші бұл-қазақ әдебиетінің даму жолындағы күрделі жаңа адым. Екінші,
қазақ жұртшылығын ұлы идея, үлкен қор, жоғарғы сатыдағы әдебиетпен таныстырып,екі елдің рухани тіршілік мәдениет, әдебиеттерін байланыстыруға берік дәнекер болды. Үшінші, орыс әдебиетін жақсы аудару,олардың үлгісінде жаңа образ,
жаңа сөз, сөйлем , қазақ әдебиетінде бұрын жоқ әртүрлі әдістерді әдебиетке кіргізіп,
қазақтың әдеби тілін бұрынғыдан да байытып, дамытты, ілгерілетті.Төртінші ,шет тілден өлеңдерді қалай аудару керек екендігінің бірінші рет жолын салып,кейінгілерге үлгісін пішіп берді.
Абай аудармалары - бүгінгі аудармашылар үшін де көрнекті үлгі.
ІІ.Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласында Абайды «қазақтың бас ақыны» деп бағалады.Шынында ,да Абай-қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнеленген. Абай өлеңдері «қиыннан қиысып», «айналасы жұп-жұмыр тегістілігімен коңілге ұялайды.Жаңа ой,мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Өлеңді өмір сыры туралы кемеңгерлік ойтолғамдармен, адам сезімін, оның көңіл-күйін әсерлі бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты.Кіршіксіз,адал махаббатты жырлайтын,табиғат жарасымын суреттейтінғажайып өлеңдер тудырды.
Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндеріне заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да ,сүйіскен жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді,нұрлы ақыл,адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді,жамандық жасамауды,адамгершілікті,имандылықты ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады. Сондықтан да ұлы жазушы М.Әуезов Абайды: «Қазақтың классик әдебиетінің атасы,қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі» , -деп бағалады. «Аталарыңда атақты болсын!»
Кең –байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс,қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы деп аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың ұнсіз куәсі-әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып . Сол таудың көп бұлақ,көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше,сонысынан да ма аздап сұстылау көрінетін.Міне,сол ауылда 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді.Нәрестенің дүниеге келуі,оның үстіне - ұл болуы- ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып,баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей,нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: «Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!» — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел «қарадан хан болған» деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге «ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!» дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын.
Иә, бұл бала кейін атақты болды, бірақ ата-бабаларында өз ру-тайпасы мен іргелес елдерге ғана емес, тіпті бүкіл қазаққа ғана емес, күллі әлемге Абай деген айтуға жұмсақ қазақы есіммен мәшһүр атақты ақын, ойшыл болды. Абай туғанда «Бауы берік болсын» айтушылардын «Ата –бабаларындай атақты болсын!» -деуінің мәнісі не еді.
Абайдың бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен жүріп, үйінде сирек болатын. Соның өзінде оны сәлем беріп немесе әр алуан шаруамен келген ел кісілері босатпайтын. Әйтсе де сол қысқа әрі сағынышты кездесулерден алғыр Абай әке мінезін танып, сезімтал жанымен аңғарып өсті. Оның бойына әкесінің батылдығы мен кызу қандылығы, жігерлілігі мен алғырлығы дарыды. Алайда болашақ ақынның балалық шағы, негізінен, қос ананың – әже мен шешенің бауырында, тәрбиесінде өтті. Қайныларының атын атамайтын қазақ салты бойынша бұл ауылдың жас әйелдерінің оны Телғара деп кетулері де сол екі енені тел (қатар) еміп өскен дегенді білдіретін. Тіпті сүйікті немересінің азан айтып қойған Ибраһим деген атына тілі келмей, оны "ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын" деген тілекпен Абай атандырған да сол аяулы кәрі әже-тұғын. Өзара өте тату екі ана – әже мен шеше жаратылысынан байсалды, мейірбан, әділ адамдар болғандықтан, өздерінің мейірі қатты ауған бұл баланы бауырмал, адамгершіл, қайырымды да әділ етіп өсіруге тырысты. Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе, ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделілігімен айрықша көзге түсетін. Кейін кемеңгер Абай адамның ең жақсы қасиетіне санаған "білмекке құмарлық" өзінің туа біткен мінезі десе де болғандай. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге Қарағанда, Абай ертегі-аңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлең-жырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, қызықты етіп әңгімелеп беретін.Абай осы әдетін өмір бойы тастамаған. Көп жылдар оның қасында болған Көкбай ақын: "Өзі біреуге ұзақ әңгіме, жыр сияқты нәрселерді айтқызғанда, еш уақыт басқа, бөтен нәрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдайтын", – деп жазған. Осындай сөзді баласы Тұрагүл мен қызы Уәсила естеліктерінен де оқимыз. "Әкем Абай туралы" атты естелігінде Тұрагүл былай дейді:
"Түн болғанда әмсе біреуге ертегі айтқызып, я өзі айтып отыратын әдеті бар еді. Біреуге айтқызғанда, бұрын естімеген кісіше, ынтасын сала тыңдап, әбден айтып болған соң, айтушының адасқан (қателескен, жаңылған – Ұ.А.) жері болса, өзі (түзетіп) айтып береді. Қазақ ертегісінде естімеген, білмеген ертегісі кем шығар. Қазақтың ертегісінен бұрын қай жерлерде жүргені, көршілесі, күндес елдері кім екені (жауласкан елдері – Ұ.А.), харекеті (кәсібі, шаруасы – Ұ.А.) не екені, елдің арманы, (бүл ертегілерді) білімінің қандай кезінде шығарылғандығы көрінеді деуші еді". Бұл кезде бір тайпа елдің анасы, көптің тілеуқорына айналған Зере әжеге, оның ара сұлтан баласы Қүнанбайға сәлем беруге, не маңызды бір шаруамен бұл ауылға келуші ел ағалары, атақты билер мен ақын-жыршылар, әнші-күйшілер, жат жұрттық жолаушылар үзілмейтін. Ол кездің әдеті бойынша, олар жата-жастанып өткен-кеткенді, бұрынғының әр алуан қызықты да қайғылы оқиғаларын айтысып, келген шаруаларын тек кетерде сез ететін. Ал сол қонақ отырған үйдің ең ынталы да жалықпайтын тыңдаушысы – Абай-тұғын. Ерекше зерек бала үшін мұның бәрі туған халқының әдет-салтын, сөз өнері мен тарихын, игі жақсыларының үлгі-өнегесі мен мінез-машықтарын білудің, танудың өзінше бір тамаша мектебі еді. Оның үстіне, солардың арасындағы атақты ақын-жыршылар, әңгімеші-ертегішілер Зере мен Ұлжан аналардың өтінішімен апталап, айлап жатып, жас Абайды әңгіме-жырға қандыратын. Ауыздан-ауызға көшіп, келе жатқан шешендік үлгілері, ақындар айтысы, билер дауы, неше түрлі күлдіргі сөз, тапқыр әзіл-сықақтар ынталы баланың ұтқыр жадында өшпестей болып қалып отырды. Абайдың еңбекқор төзімділігі, аз ұйықтайтын сергектігі, тамақты тарта ішетіндігі де бала шағынан бойына мықтап жұққан мінез болыпты. Абай жасы ұлғайған шағында да келген қонақтарымен түннің бір уағына дейін сөйлесіп отырып, олар ұйқыға жатқан соң, өзі оңаша кітап оқып не өлең жазады екен. Соның өзінде таңғы сағат 5–6-ларда елден бұрын тұруды әдет еткен. Сол заманда бала-шаға қақпай көрмей, үлкендердің жанында жүретін. Ас пен той, басқа да толып жатқан мереке-қызықтарда елгезек, аңғарымпаз Абай өнегелі, білімді қауымға жақын жүрген соң, ұққан-білгені аз болмағаны аян. Әрине, мұның бәрі бала Абайдың өз қалау, сұрауымен ғана болмаған. Бұрынғыдан келе жатқан бұлжымас салт бойынша, әкесі Құнанбай да, аналары да сүйікті ұлдарының өздерінің абырой-мәртебелеріне лайық болып өсуін қатты қадағалап, бағыттап отырған. Сөйтіп, Абай 9 жасына дейін ауыл молдасынан оқып, хат танып, қазақтың ескілікті әңгімелеріне қанып, ана тілінің сөз байлығы мен көркем нақыштарын едәуір меңгереді. Айналасындағылармен әзіл-қалжың түріндегі сөз қағыстыруларда оның тілінде тақпақ, ұйқасты оралымдар ұшыраса бастайды. Қазақ салтында бар бірер ауыз өлеңмен сөзге тарту, біреудің кемшілігін өлең қылу сияқты қылықтар да кездесіп қалып отырады. Бірақ, бұл оның ақындық жолға талпынысы емес еді. Өйткені, Құнанбай сияқты кісілер тұқымына ақын-әншілікті кәсіп қылу мін саналған. Тілді, тапқыр Құнанбайдың өзі де, оның әжелері мен аталары да бірер ауыз өлең шығара беретін болған. Ондай өлең сөздерінің ел есінде сақталып, біздің заманға жеткендері де жоқ емес. Бірақ олардың ешқайсысы да онысын ақындық санамаған. Әйтсе де кішкентай Абайдың үлкендерге еліктеп әзіл-оспақ ретінде шығарған шумақтарынан туа дарыған ақындық танылғандай. Болашақ данышпан ақынның 10 жасында шығарған сондай бір шумақ өлеңі сақталған. Оның шығармаларының толық жинақтары, әдетте, сол өлеңмен басталады.
ІІІ. Қазақ халқының тарихында көрнекті орын алатын ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің әрқайсысығибрат-өнегеге толы.Ал,өнеге , үлгі тұтарлық еңбектер адамзатты парасат иесі болуына, адамгершіліктің ең биік шыңынан көрінуге жетелері хақ.Әр қарасөзінің өз ерекшелігі, өз орны бар. Мысалы ұлы данышпан бірінші қарасөзінде былай деген: «... ақыры ойладым осы ойыма келген нарселерді қағазға жаза берейін,ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын,керегі жоқ десе өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.»
Міне, осындай етіп біз жазылған қара сөзерін біз терең түсінуше тырысуымыз қажет. Ал ұлы Абай айтып отырған адамдардың екінші тобы—көп білем дейтін,ғылымға, ілімге талпынысы бар жандар.Олар білімге деген құштарлығын арттыра отырып, ацналасындағы адамдарға жарық сәулесін шашуға талпынады.
Кейбір адасып жүрген адамдарға қол ұшын беріп, мамандығы
Достарыңызбен бөлісу: |