Пушкиннен аудармалары және ондағы көркемдік шеберлік Аудармалық шығармаларды тексеруді Абайдың өз шығармаларына қолданған жылма – жылдық ретпен жүргізіп көрелік, яғни Абай аудармасы жайындағы алғашқы сөзді ақының «Евгений Онегиннен» жасаған аудармаларынан бастайық.
Өйткенні орыс әдебиетін оқып, зерттеуге ден қойғанда Абайдың алдыңғы кезекте оқыған ақындарының бірі – А.С.Пушкин. Абайдың ақындық мәдениетті жетілдіруде, ақының қоғамдағы орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлауында басқа классик ақын – жазушыларғмен бірге А.С.Пушкинің де ықпалы зор. Халық өмірін тарихи көзбен болжап, шындық тұрғысынан суреттеген, адам баласын шексіз сүйген, халық поэзиясын жақсы білген және оны мол пайдаланған ұлы орыс ақыны қазақ ақынына да осы жағынан күшті әсер етті. Пушкинің көркемдік әдісі, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер» өлеңі Абай бойындағы таланттың отын үрледі.
Пушкин шығармаларын ұзақ оқып зерттей келе, оның аударумен Абайдың көбірек шұғылданғаны – 1889 жыл. Бұл жылы ол «Евгений Онегинен» Бұл шығармаларды Абай бөлек – бөлек үзінділер түрінде аударады: үзінділер күйінде сегіз өлең аударды. Олардың көбі – Онегин мен Татьянаның арасындағы хаттар.
«Онегинің сипаты», «Татьянаның хаты», «Онегинің ойы» («Таңғажайып»), «Онегинің сөзі», («Хатыңнан жақсы ұғындым»), «Онегиннің хаты» ( «Хұп, білемін сізге жетпес»), «Татьянаның сөзі («Тәңірі қосқан»), «Ленскийдің сөзі» («Барасың қайда - қайда»). Осындай жеті бөлек жекеше тақырыптармен түгел «Евгений Онегиннн» романының ұзын бойына созылып, екі жас арасындағы махаббаттың хал – құбылыстары беріледі.
Әрине, бұнда Пушкин романының ерекше көп жайлары аударылмай, сырт қалды. Абай ол романың ішінен тек Онегин, Татьяна арасындағы кезек ауысқан күшті махаббат күйлерін ғана сөз қылады. Көбінше, Абайдың аударуында хаттарменен баян етілген роман ( эпистолярный роман) қалыптанған тәрізді.
Өз аудармасының соңында Абай өз жанынан Онегинге ақырғы сөз береді. Бұл Пушкинде жоқ. Еркін өзгерістің, Абайдың өзінше дәлелденген, ерекше бір түрі.