Поәдк №3 Базалық білім



бет45/46
Дата31.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#155924
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
abaitanu keshen (1)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ – Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдың ағартушыға өте орынды айтылған. Абай үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім , өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ – Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның – жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, педагогикалық әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психологиялық негіздері, ұлттық мінез-құлық т.б.) көрініс тапқан.
АЗАМАТТЫҚ ЛИРИКА – лирикалық поэзияның заман жайын, әлеуметтік мәселелрді қозғайтын үлкен бір саласы. Өмір жөнінде, халықтың тағдыры туралы ой-толғамдарақынның өз көңіл күйімен терең ұштасып, өзінің өмірге қатынасын суреттеу арқылы көрінеді. Қазақ жазба әдебиетінде азаматтық лириканың түрлеріне Абайдың, Сұлтанмахмұттың бірталай өлеңдерін жатқызуға болады. 20-ғасырдың бас кезінде бұл сарындағы лирика Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов поэзиясында үлкен әлеуметтік маңызға ие болды.
ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ – лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан-дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл күйін астастыра жырлаған. Табиғат лирикасын айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне аранп жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келді.
ТЕКСТОЛОГИЯ – Абай шығармаларын жинау, бастыруда олардың тексін зерттеудің, ғылыми тұрғыдан анықтаудың мәні үлкен. Олай болатын себебі – Абайдың қолымен жазған шығармасы жоққа тән. Тек « Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген шығармасының қолжазбасы ғана Абайдың өзі жазған делініп жүр. Осыдан басқа шығармалардың қолжазбасы түгелдей өзге адамдардың қолымен жазылған және әр түрлі қолжазбаларда, 1909 жылғы жинақта және кейбір онан кейінгі басылымдарда кейбір сөздер түзетіліп берлііп келеді.
ТРАКТАТ – Абай Құнанбаевтың ғақлия-сөздері ақын өмір сүрген уақыттың саяси-қоғамдық, әкімшілік-биліктік, әлеуметтік-экономикалық, моральдық-тәрбиелік, мәдени-білімділік мәселелерін жан-жақты қамтитын философиялық трактаттар.
ҒАҚЛИЯ – (араб. – дана сөз, даналық маржандарды деген мағынада) – көркем қара сөз, нақыл сөздің бір түрі. Прозаның қазақтың алғашқы қысқа, нұсқа үлгілерінің бірі. Жанрлық өзгешелігі жағынан алғанда бетпе-бет отырған, мәслихат құрғанда айтылатын сөз түрінде келеді. Прозаның бұндай ықшам түрін жанр ретінде қазақ әдебиетіне алағш әкелушілер – Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев.
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ – Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан өлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М.)
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЛИРИКА – лириканың тақырыптық табиғатына, мазмұндық-идеялық тұрғыда жіктелуіне қатысты туған ұғым. Бірқатар зерттеу еңбектерде философиялық лирика термині шектеулі мағынада да қолданылады. Қысқаша Әдеби энциклопедияда (М., 1972. 7 т.) ол тек антик дәуір әдебиетіне қатысты қарастырылса, енді бір әдебиетшілер (А.Павловский, В.Фалеев) аталмыш ұғымды белгілі бір философиялық ілімдермен ғана сабақтастырады. Тңірі нанымы мен исламның тоғысынан туындап, өзгеше сыңайда кемелденген халықтық философия аңғарындағы терең ойлы шығармаларға мейлінше бай қазақ поэзиясында қазіргі түсініктегі философиялық лирика Абай өнернамасынан басталады. Шығыс пен Батыс философиясын көп зерделеген Шәкәрімнің философиялық лирикасы ф.л. жазу үрдісінің біржолата орныққанын әйгіледі.
ЭСТЕТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ – Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе де, ақынның шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген эстетикалық талап-талғамын айқын аңғарамыз. Абайдың өзге ақындардан бір ерекшелігі – Абай сол заманда-ақ, кеңінен тараған эстетеиклық теориялардан хабардар болған, көптеген эстетеик. Ұғымдар оған таныс еді. Арғы жағы Сократ, бергі жағы Спенсер, әсіресе, В.Г.Белинский мен Н.Г.Чернышевский сияқты ойшылдардың эстетикалық принциптерін естіп, оқып әжептәуір білім алған.
ТОЛЫҚ АДАМ – Абай адамның рухани жағынан кемелденіп жетілу жолында толық адам ұғымын адамшылық сатысының ең жоғарғы басқышына қояды. Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының ең биік қол жетпес асқар шыңы.
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай адам баласына қажетті үш нәрсе ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен толғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат.
СЫНШЫЛ РЕАЛИЗМәдебиеттегі көркемдік әдіс, оның басты ерекшелігі – өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез-бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу.
СЕГІЗАЯҚ – қазақ өлеңінде Абай қосқан шумақтың үлгісі. Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген. Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі түрде үйлесіп, араласуынан түзілген. Сегізаяқта алдыңғы алты тармақ тезис есебінде келеді де, соңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Мінсіз мүсінделген бұл өлең түрі – қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. «Сегізаяқтың» өлшемін, шумақтық өрнегін Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, тағы басқа ақындар өз өлеңдерінде қолданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет