Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбайұлы.
Абай атамыздың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймаған рухани қазына. Ақын Абайдан асқан бұрын-соңғы заманда, қазақ даласында, біз білетін ақын тумады. Ақынның шығармалары халықты білімге,ғылымға шақырады, əрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиіп, өмірге үйретеді.
Зəки Ахметовтың айтуынша,"Абай есімі- қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен əлеуметтік əділдіктің символы". Меніңше, Зəки Ахметовтың бұлай деуі, Абайдың өліңдері, қарасөздері, шығармалары бізге үлгі беріп, шабыттандырады.Ол Абайдың есімін қазақ халқына үлгі беріп, қазақ халқын қараңғылықтан құтқарғысы келеді деп түсінеді. Ал Ж.Ысмағұловтың айтуынша,"Бұл күнде Абай сөзі ана сүтімен бірге дамиды десе, артық айтқаны емес. Ана сүті тəн қорегі ретінде жас сəбидің буыны беріп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді" дейді. Менің ойымша, Ж. Ысмағұловтың бұлай деуі, біз əріп тани бастағаннан бері Абайдың шығармаларын оқи бастаймыз, сонда біздің бойымызға ата-анамыздың тəрбиесімен қатар Абай атамыздың үлгілі сөздерінен бірге тəрбие аламыз. Абайды оқыған адам өсе келе өзін қоршаған адамдардың ішіндегі ең сыйлылардың бірі болады. Абай ақынның шығармалары ғылымға, білімге, тəрбиеге үйретеді. Абай атамыз өзінің шығармаларын өзгелерга пайдасы тиуі үшін жазған. Бұны біз Абайдың бірінші қарасөзінің мына жолдарынан көруге болады:" Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын,я керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі ". Былайша айтқанда,Абайдың шығармашылығы өмірге үйретеді.
Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.
Биыл ғұлама ақын 175 жасқа толып отыр, ал оның дүниеден озғанына 111 жыл. Десе де, Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған”, – дегенді айтқан да өзі еді. Айтқанда да, тауып айтты! Абай – артына өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгер.
Қазіргі уақытта Қазақстан Абайдың ұлы мерейтойына дайындық үстінде, «Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары әдебиеті мен мәдениетінің шамшырағы» деп білеміз.
«Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!» - деп ақын Жарасқан Әбдірашев жырлағандай қазақ халқының мақтанышы, қазақ жырының тәңірі, қара сөздің зергері Абай Құнанбаев.
Қазақтай елдің дархандығы мен даналығы әлемге Абайдың кемеңгерілігімен танылды. Ал, осы дана да, дара Абайдың артына қалдырған мол мұрасын зерттеп, зерделеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру, оны танып білу, біздің перзенттік парызымыз болып табылады.
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Қорытындылай келе, Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |