Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»


-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы



бет11/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

5-параграф. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысы


      55. Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Кандидаттарды бағалау нәтижелері осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы бағалау парағына әрбір үміттенген бос лауазым бойынша бөлек енгізіледі.



      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 04.04.2018 92 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Конкурс комиссиясының шешiмi кандидат қатыстырылмай, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

      58. Конкурс комиссиясының шешiмi егер отырысқа оның құрамының үштен екі кем емес бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

      59. Комиссия құрамынан қатысушылардың көпшiлiгi дауыс берген жағдайда кандидат оң баға алады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      60. Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

      61. Конкурс комиссиясының хатшысы әңгiмелесуден өткен кандидаттарға конкурс нәтижесi туралы, оның аяқталғанынан кейiн екі жұмыс күн iшiнде хабарлайды.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет