042-18.1.01/12 - 2016
|
№1 басылым
___ ____ 2016 ж.
|
13 беттің -беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
Силлабус
|
Силлабус
042-18.1.01/12 - 2016
|
Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)
|
№1 басылым
___ ____ 2016 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пән атауы: «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»
Кредит саны: 2
Шифр – 5В020500 - «Филология» мамандығына арналған
Факультет: Қазақ филологиясы
Кафедра: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі
Семей
2016
Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы
Сағанаева Г.Б., доцент, ф.ғ.к. _________ ____ ____2016 ж.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы отырысында
Хаттама №1 ____ ____2016 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Мұқанова Қ.Қ.
2.2 Қазақ филологиясы факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды
Хаттама №1 ____ ____2016 ж.
Төраға _________________Самекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №1 ____ ____2016 ж.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор
______________Искакова Г.К.
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
3 КУРС САЯСАТЫ
4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет:
Сағанаева Гүлнұр Бейсембайқызы, ф.ғ.к., доцент
Кафедра: «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі»,
Ақпараттық қатынас: №2 оқу ғимараты 305-дәрісхана,
Тел. 8-747-661-08-49, 32-25-19 (кафедра); e-mail: gulnur_sb_8@mail.ru
Сабақ өтетін орын: №2 оқу ғимараты 404-дәрісхана
1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні жоғары оқу орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі пəн ретінде студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және базалық пәндердің міндетті компонентіне жатады. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 Қаулысымен бекітілген ҚР МЖБС (Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы №292 Қаулысы)
ЖОО ОӘК 08.09.2016 жылғы №1 отырысының хаттамалық шешімімен бекітілген 5В020500 - «Филология» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен міндетті компонент бойынша оқу бағдарламасы.
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәні грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуін зерттейді. Пәннің оқу бағдарламасы қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтарын, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы берілетін ғылыми теориялық білімді жүйелі жүргізудің негізгі бағыт-бағдарын ұсынады.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты
«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» – жүйелі ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелеріне байланысты білімалушыларды ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыруды өзінің міндеті деп санайды. Қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруі, сөз және оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, амалдары туралы және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуі, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр-сипаты жөнінде студенттерге терең теориялық білім беру мақсатын көздейді және тілдік тұлғаларға практикалық тұрғыда талдау жасай отырып, морфология пәнінің ғылыми түсіну міндетін қояды.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері
Болашақ мұғалімдерді қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен таныстыру;
Практикалық сабақтар мен өздік жұмыстар арқылы студенттердің морфологиядан бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру;
Студенттердің морфологияға қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту;
Сөз – лингвистиканың, оның ішінде грамматиканың да нысаны болуы себебін ашу;
Қазақ сөзінің лексикалық және грамматикалық мағыналарының айырмашылықтарын ашып көрсету;
Грамматика салаларының өзара байланыстарын көрсету;
Негізгі грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді талдау;
Грамматикалық форма мен грамматикалық мағынаның ерекшеліктерін айқындау, олардың жасалу жолдары мен тәсілдеріне тоқталу;
Грамматикалық категорияларды саралап көрсету;
Морфемаларды жіктеу, жұрнақ пен жалғаудың қасиеттерін анықтау;
Сөздің негізгі түрлеріне тоқталу;
Сөз таптары мен олардың морфологиялық құрылымын анықтау.
1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы білу керек:
сөздердің морфологиялық құрылымы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория);
сөздің құрамы және морфемалардың түрлері;
сөз формалары және олардың жасалу тэсілдері, түрлері;
сөз таптары, олардың жіктелуі;
зат есім, оның лексика-грамматикалық сипаты, түрлену жүйесі, синтаксистік сипаты;
сын есім, оның семантикалық топтары, шырай категориясы, синтаксистік
қызметі;
сан есім, онын лексика-семантикалық, морфологиялық, семантикалық өзгешелігі, семантика-морфологиялық топтары;
есімдіктер және олардың мағыналық топтары;
етістіктің лексика-семантикалык, морфологиялық сипаты, етістік формаларының жүйесі;
үстеудің морфологиялык белгілері, түрлері, мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі;
еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфологиялық, синтаксистік сипаты;
одағайлардың түрлері, қызметі;
модаль сөздер, олардың ерекшеліктері;
пәнге қатысты терминдерді.
орындай алуы керек:
алған теориялық білімдерін іс-жүзінде (морфологиялық талдау) қолдана алуы;
әртүрлі тақырыпта өзіндік ой-пікірлерін білдіру барысында қазақ тілінің бай сөздік қорын орынды қолдана алу іскерлігі;
пән бойынша берілген ғылыми мақала, баяндамалардағы мәліметті іс-тәжірибеде қолдана білу іскерлігі;
әртүрлі сөздіктерді іс жүзінде мақсатты пайдалана алу білігі.
дағдысының болуы:
белгілі бір мәселе төңірегінде өзіндік пікірді уәжді айта алу дағдысы;
морфологиялық талдау жасаудың негізгі және қосымша тәсілдерін қолдана алу дағдысы;
негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу дағдысы.
1.6 Пән пререквизиттері:
Қазақ тілінің нормативті курсы
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
1.7 Пән постреквизиттері:
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Этнолингвистика
Когнитивтік лингвистика
1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі 1-кестеде келтірілген
1-кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс,
сағ.
|
СТС,
сағ.
|
БӨЖ,
сағ.
|
БОӨЖ
|
Барлығы,
сағ.
|
Қорытынды бақылау
формасы
|
1
|
1
|
2
|
15
|
15
|
45
|
15
|
90
|
Емтихан
|
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 2 – кесте
№
|
Модуль. Тақырып
|
Сағаттар саны
|
|
Д
|
СТС
|
БОӨЖ
|
БӨЖ
|
Әдебиет
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1 модуль. Негізгі грамматикалық ұғымдар
|
1
|
1-тақырып.
«Морфология» пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен байланысы. Түрколог ғалымдардың түркі тілдерінің салғастырмалы және салыстырмалы морфологиясы туралы көзқарастары
|
1
|
1
|
1
|
3
|
1, Б. 3-9
2, Б. 3-8
3, Б. 3-11
4, Б. 3-12
|
2
|
2-тақырып.
Морфологияның басты ұғымдары, терминдердің қалыптасуы жөнінде. Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық категориялар туралы
|
1
|
1
|
1
|
3
|
1, Б. 12-23
2, Б. 8-37
3, Б. 11-20
4, Б. 12-23
|
2 модуль. Сөздің морфологиялық құрылымы
|
3
|
3-тақырып.
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
3, Б. 25-37
4, Б. 64-68
8, Б. 23-38
9, Б. 63-67
|
4
|
4-тақырып. Жалғаулар.
Көптік жалғаудың ерекшеліктері. Жай және тәуелді септеу туралы. Тәуелдік, жіктік жалғаулары.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 53-61
4, Б. 80-92
5, Б. 20-24
|
3 модуль.
Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері, түрлері
|
5
|
5-тақырып.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтаксистік тұтастықтары туралы. Күрделі сөздерді еркін сөз тіркестері мен фразеологиялық тіркестерден ажырату амалдары. Біріккен сөз. Кіріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б.63-68
4, Б.92-125
5, Б. 25-37
|
4 модуль.
Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы
|
6
|
6-тақырып. Зат есімнің жалпы сипаттамасы.
Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық сипаты, синтаксистік сипаты. Көптік мәнді есімдерге жататын зат есімдер жөнінде.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 52-68; 79-132
4, Б. 126-134; 134-166
7, 38-41
|
7
|
7-тақырып. Сын есім.
Сын есімнің семантикалық топтары. Морфемалық құрамдары.
|
1
|
|
1
|
3
|
|
8
|
8-тақырып.
Шырай формалары, асырмалы және күшейтпелі шырай, жасалу жолдары, ерекшеліктері.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б.133-148
4, Б. 166-183
5, Б. 42-45
|
9
|
9-тақырып.
Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.
Дара және күрделісан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 148-164
4, Б. 183-190
5, Б. 46-48
|
10
|
10-тақырып.
Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.
Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 164-178
4, Б. 191-207
6, Б. 95-120
|
11
|
11-тақырып. Етістіктер.
Түбір етістіктің морфологиялық сипаты. Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер. Күрделі етістіктің түрлері. Аналитикалық форманттар және көмекші етістіктер. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты. Морфологиялық сипаты. Жасалу тәсілі.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2. Б. 179-200
4, Б. 207-222
6. Б. 121-132
|
12
|
12-тақырып.
Етістіктің грамматикалық категориялары.
Етістіктің негізі. Салт, сабақты етістік. Етіс категориясы, түрлері. Етіс түрлеріне тән мағыналық, формалық ерекшеліктер. Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше, шаққа қатысы, синтаксистік қызметі. Рай және шақ категориялары, оның түрлері, зерттелуі.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б.200-322
4, Б.222-333
8, Б. 12-24
|
13
|
13-тақырып.
Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздер, олардың фонетикалық ерекшеліктері.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 200-322
4, Б. 222-333
8, Б. 64-71
|
14
|
14-тақырып. Көмекші сөздер.
Шылау, шылаудың түрлері, абстрактілі грамматикалық қызметтері. Жалғаулықтар. Септеуліктер. Демеуліктер.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 322-331
4, Б. 333-344 7, Б. 72-81
|
15
|
15-тақырып. Еліктеу сөздер.
Еліктеу сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2, Б. 322-331
4, Б. 333-344 7, Б. 72-81
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
15
|
15
|
15
|
45
|
|
2.1 1-2 аралық білімді бақылау тапсырмалары (жазбаша)
1-аралық бақылау тапсырмаларының мазмұны
І Теориялық сұрақтар
Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарын жіктеу туралы пікірлер
Күрделі зат есімдердің түрлері, орфографиясы
Күрделі сын есімдердің ішкі құрамдарының түрлері
"Бір" сан есімінің қолданыс ерекшелігі
Құрамында сан есім бар тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы мен
қолданылуы
Есімдіктің есімдер тобына жататындығы, мағынасының жалпылығы, оның
кандай мағынада қолданылуы контекстен көрінетіндігі
Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің түрленуі
Зат есімнің мағыналық топтары
Көмекші есімдердің қолданылу ерекшеліктері
Тәуелдік жалғаудың грамматикалық қызметі
Септік жалғауларының мағынасы
Көптік мағынаның берілу жолдары
Сын есімнің мағыналық ерекшеліктері
Сан есімнің мағыналық топтарының қолданыстағы ерекшеліктері
Есімдіктердің мағыналық ерекшеліктері
ІІ. Тәжірибелік сұрақтар
Өткен тақырыптар бойынша бақылау жұмысы кезінде жаттығу жұмыстары беріледі.
2-аралық бақылау тапсырмаларының мазмұны
І Теориялық сұрақтар
Етістіктің лексика-семантикалык топтары
Күрделі етістіктердің құрылымдық ерекшеліктері
Есімшенің синтаксистік қызметі
Көмекші есімдердің мағынасы мен қызметі
Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері туралы ғалымдар көзқарасы
Қимылдың өту сипаты категориясы
Етіс жұрнақтарының қабаттаса қолданылу ерекшеліктері
Шартты райдың мағынасы. Қалау рай мен шартты райлардың тұлғасындағы
ұқсастық пен айырмашылығы
Есімше, көсемшелердің сөйлемдегі қызметі
Етістіктің шақтары, жасалу жолдары, түрлері
Үстеудің тарихи қалыптасуы, үстеу түбірлері
Еліктеу сөздердің мағыналық топтары
Жалғаулықты шылаулардың салаластырғыштық және сабақтастырғыштық
болып екіге бөлінуі
Одағай, тұлғалық құрылымы
ІІ. Тәжірибелік сұрақтар
Өткен тақырыптар бойынша бақылау жұмысы кезінде жаттығу жұмыстары беріледі.
3 курс САЯСАТЫ
Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.
Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.
Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.
Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.
Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.
Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.
Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.
4 Бағалау саясаты
Басқа кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).
Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3-кестеде көрсетілген.
3 – кесте
Апта №
|
Тәжірибелік сабақтардың, БӨЖ тақырыптары
|
Білімді бақылау түрі
|
Барлық балл
|
1
|
2
|
4
|
3
|
1-7
|
1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді
|
30
|
Тәжірибелік сабақтар, БӨЖ
|
1-2
|
«Морфология» пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен байланысы. Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық категориялар туралы.
|
Ауызша сұрау. Конспект жазу
|
0
|
3
|
Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары. Морфемалар мен жұрнақтар.
|
Аралас сұрау. Пікірталас.
|
30
|
4
|
Жалғаулар. Көптік жалғаудың ерекшеліктері. Жай және тәуелді септеу туралы. Тәуелдік, жіктік жалғаулары.
|
Аралас сұрау. Пікірталас. Жаттығу
|
0
|
|
БӨЖ: 1. Қазақ тілі морфологиясының зерттелуі жайында 2. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері 3.Қос функциялы жұрнақтар
|
Реферат, презентация қорғау
|
50
|
5
|
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, семантикалық, синтаксистік тұтастықтары туралы.
|
Аралас сұрау. Реферат.
|
30
|
6
|
Зат есімнің жалпы сипаттамасы.
Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, морфологиялық сипаты, синтаксистік сипаты
|
Аралас сұрау. Жаттығулар
|
30
|
БӨЖ: 1. Қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары. 2 Жұрнақтардың құрамы және мағыналық жақтан бөлінуі. 3. Жіктік жалғаулардың ықшамдалуы, болымсыз түрінде қолданылуы
|
Реферат, презентация қорғау
|
50
|
7
|
Сын есімнің семантикалық топтары.
|
Аралас сұрау.
|
0
|
Аралық бақылау
|
Жазбаша теориялық тапсырмалар мен жаттығу орындату. Презентация қорғау
|
80
|
1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы
|
30+270=
300
|
8-15
|
8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді
|
30
|
Тәжірибелік сабақтар, БӨЖ
|
8-9
|
Шырай формалары, асырмалы және күшейтпелі шырай, жасалу жолдары, ерекшеліктері. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі. Бұлардың зерттелу жайы.
|
Ауызша сұрау.
Жаттығулар.
|
0
|
10
|
Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.
Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
|
Аралас сұрау. Пікірталас. Талдау жасау
|
30
|
БӨЖ: 1. Сөз таптарының зерттелу тарихы. 2. Есімдіктердің тарихы туралы зерттеулер. 3.
Сөз таптарының зерттелу тарихы
|
Конспект, презентация қорғау
|
40
|
11-12
|
Түбір етістіктің морфологиялық сипаты. Амалдың өту сипатын білдіретін етістіктер. Күрделі етістіктің түрлері. Етіс категориясы, түрлері. Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше, шаққа қатысы, синтаксистік қызметі. Рай және шақ категориялары, оның түрлері, зерттелуі.
|
Аралас сұрау. Жаттығулар. Морфологиялық талдау
|
30
|
12
|
БӨЖ: 1. Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыс туралы. 2. Күрделі сөздер және күрделі етістіктер
3. Көмекші етістіктер және олардың түрлері
|
Реферат, слайд қорғау,
|
35
|
13-14
|
Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздер, олардың фонетикалық ерекшеліктері.
Шылаудың түрлері.
|
Аралас сұрау. Жаттығулар.
Конспект қорғау
|
30
|
14
|
БӨЖ: 1. Аналитикалық форма және аналитикалық етістіктер. 2. Күрделі туынды үстеулер. 3. Қазақ тіліндегі нөлдік форма.
|
Реферат, презентация қорғау
|
35
|
15
|
Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары. Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер.
|
Ауызша сұрау. Тест-бақылау. Жаттығу орындату
|
|
Аралық бақылау
|
Жазбаша теориялық тапсырмалар мен жаттығу орындату. Презентация қорғау
|
70
|
8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы
|
30+270=
300
|
Емтиханның қорытынды балы
|
|
400
|
Академиялық кезең үшін қорытынды балл
|
|
1000
|
Ескертпе:
1 бағанда апта № көрсетіледі, соған қарай білім алушылардың білімін бақылау жүзеге асырылады;
2 бағанда білім алушы сәйкес келетін аптада меңгеруі тиіс сабақ тақырыбы көрсетіледі;
3 бағанда білімді бақылау түрі келтіріледі;
4 бағанда білім алушылардың жұмыс түрлерін орындауына байланысты қойылатын максималды балл көрсетілген.
Оқытушы балды бөлу бойынша мәліметтерді электронды журналға енгізеді.
Білім алушы пән бойынша емтиханға кіруге егер оның пәннің пререквизиті болып табылатын семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана рұқсат етіледі.
Білім алушы пән бойынша емтиханға егер, семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пәннің пререквизиті болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана кіруіне рұқсат етіледі.
Пән бойынша емтихан бағасы ең жоғарғы оқу үлгерімі көрсеткіштері бойынша анықталады: қорытынды аттестация (60%), емтихан (40%), барлығы 100% құрайды.
Пән бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау шкала бойынша анықталады (4-кесте).
4- кесте
Білімді бағалаудың көпбаллды әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Балдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3.00
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,00
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,00
|
50-54
|
F
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР
Негізгі әдебиеттер
5.1.1 Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014 ж. – 640 б.
5.1.2 Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2013.
5.1.3 Манкеева Ж. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014 ж. – 540 б.
5.1.4 Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014 ж. – 545 б.
5.1.5 Сыздықова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. – Алматы, 2012. – 160 б.
5.2. Қосымша әдебиеттер
Хасанова С. Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау жаттығулар. Алматы: Ана тілі, 2008. – 136 б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010. – 608 б.
Оралбаева Н., Қалыбаева А. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. А., 2008.
Ахметов Ә. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология: оқу құралы / Ә. Ахметов; К. Жүнісбекова, Ф. Оразбаева.- Алматы: Респ. баспа кабинеті, 2007.- 204 б.
Әбдіхалықов М.Н. Сөздік қатынас негіздері: оқулық / М.Н. Әбдіхалықов; Б.С.Күнтуарова, Л.А.Парфенова.- Астана: Фолиант, 2007.- 374 б.- (Кәсіптік білім).
Балтабаева Ж.Қ. Жоғары оқу орынында студенттер тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (қазіргі қазақ тілінің морфология саласы бойынша): Пед. ғылымд. д-ры ғылыми дәрежесін алу үшін дайынд. дис. автореф. / Ж. Қ. Балтабаева; Абай атын. Қаз. ұлттық пед. ун-ті.- Алматы, 2009.- 54 б.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008. – 472 б.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1967
Ибатов А. Сөздердің морфологиялық құрамы. Алматы, 1983.
Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982.
Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы, АлМу-дың баспасы, 1996.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: 2008. – 384.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: ЖШС Інжу-Маржан, 2007. – 390 б.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А., 2007. – 190 б.
Серғалиев, М. Қазіргі қазақ әдеби тілі (морфология және синтаксис): Жоғары оқу орынд. студенттеріне арн. оқу құралы ретінде ұсынған / М. Серғалиев; А. Айғабылов, О. Күлкенова.- Алматы: Ана тілі, 2007.- 214 б.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
5.3. Интернет-ресурстар
5.3.1 https://kk.wikipedia.org
5.3.2 http://akikat.kazgazeta.kz
5.3.3 http://bilimdiler.kz
5.3.4 http://itest.kz
5.3.5 http://lektsii.org
5.3.6 http://uz.denemetr.com/
5.3.7 philology.by
Достарыңызбен бөлісу: |