|
Жетілмеген бәсекеге тән қасиеттер
|
бет | 5/8 | Дата | 08.11.2023 | өлшемі | 364,76 Kb. | | #190184 | түрі | Презентация |
| Байланысты: 2т Экономика негіздері 1 курс Жакупова Б.А.Жетілмеген бәсекеге тән қасиеттер: - Нарықта жоғары дәрежедегі ірі фирмалардың саны шектеледі.
- Нарықта агенттер бәсекелестердің қадамдарын бақылап, оларға өз уақытында әсер етеді.
- Өндіріс көлемінің жоғары болуына байланысты монополист-фирмалар өзара келісу арқылы жоғары баға белгілейді.
Жетілмеген бәсекенің түрлері: - Монополия тауар бағасына ықпал ететін, өндірістің ауқымды бөлігін басқаратын жалғыз тауар өндіруші үстемдік ететін нарық.
- Олигополия – бірнеше ірі өндірушілер билейтін бәсекелі нарық.
- Монополиялық бәсеке ұқсас, бір-бірінің орнын алмастыратын тауарларды өндірушілердің көп болуымен сипатталады.
Монополияның түрлері: 1. Таза (абсолютті) монополия – бір өндірушінің нарықты жалғыз өзі тауарлармен қамтамасыз етуі. 2. Табиғи (жасанды) монополия – белгілі бір салада бір өндірушінің әрекетінің экономикалық жағынан тиімді болуы. Монополияның ұйымдық нысаны: Синдикат – өнімдерді бірлесіп өткізу мақсатында бірігу). Трест – бірлескен меншік және өндірісті ортақ басқару, тауарларды бірге өткізу мақсатында бірігу. Концерн - көп салалы фирмалардың ортақ қаржы орталығында бірігуі. Конгломерат – басқарушы компаниялардың басқа компаниялармен бріктірілуі немесе оның құлдыруы нәтижесінде басқа компанияға қосылуы. Монопсония – бір ірі өндіруші және көптеген сатып алушылар билейтін нарық. - Монопсония – бір ірі өндіруші және көптеген сатып алушылар билейтін нарық.
- Екі жақты монополия – бір сатушы және бір сатып алушының болуы.
- Квазимонополия – бір немесе бірнеше ірі өндірушілердің нарықты қамтамасыз етуі.
- Дуополия – екі ірі өндіруші үстемдік ететін нарық.
- Олигопсония – бірнеше ірі өндірушілер және көптеген сатып алушылар билейтін нарық.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|