Практикум оқу әдістемелік құрал


Қызметкердің құқықтары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет26/83
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#94330
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83
Байланысты:
Еңбек құқығы л

3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері 
3.1. Қызметкер тӛмендегілерге құқылы: 
3.1.1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен (бұдан әрі - Еңбек кодексі) кӛзделген 
тәртіпте және шарттарда еңбек шартын жасауға, ӛзгертуге, толықтыруға және 
бұзуға; 
3.1.2. Жұмыс берушіден Шарттың шарттарын орындауды талап етуге; 
3.1.3. еңбек кауіпсіздігіне және қорғауға; 
3.1.4. еңбек шарттарының және еңбекті қорғаудың жайкүйі жӛнінде толық және дұрыс 
акпарат алуға; 
3.1.5. Шарттың шарттарына сәйкес дер кезінде және толық кӛлемде жалақы алуға; 
3.1.6. демалыска, оның ішінде тӛленетін жыл сайынғы еңбек демалысына; 
3.1.7. бірлестікке, кәсіподак немесе басқа бірлестіктерді құру құқығын қоса, сондай-ақ
егер Қазақстан Республикасының заңдарымен ӛзгедей кӛзделмесе, ӛзін ұсыну және еңбек 
құкықтарын қорғау үшін оларға мүшелікке енуге; 
3.1.8. ӛзінің ӛкілдері аркылы ұжымдық келіссӛздерге және ұжымдық шарт жобасын
әзірлеуге катысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдык шартпен танысуға кұқылы; 
3.1.9. Еңбек кодексімен кӛзделген тэртіпте кэсіби дайындық алуға, қайта дайындыққа
және ӛзінің біліктілігін арттыруға; 
3.1.10. еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген залалды 
ӛтеуге;
3.1.11. Қазакстан Республикасының зандарымен кӛзделген жағдайларда міндетті
әлеуметтік сақтандыруға; 
3.1.12. кепілдіктерге және ӛтемақы тӛлемдеріне;
3.1.13. заңға қайшы емес барлық тәсілде ӛз құқықтарын және занды мүдделерін корғауға;
3.1.14. кандай-да бір кұқығын шектеусіз бірдей еңбектің бірдей тӛлеміне; 
3.1.15.еңбек дауын шешу үшін келісім комиссиясына, қалауы бойынша сотқа жүгінуге; 
3.1.16. еңбек кауіпсіздігі және қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына; 
3.1.17. бұл жӛнінде тікелей басшыға немесе Жұмыс берушінің ӛкіліне мәлімдеумен оның 
денсаулығына немесе ӛміріне қауіп тудыратын жағдай туындаған жағдайда жұмысты 
орындаудан бас тартуға; 
3.1.18. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және қорғау жӛніндегі талаптарына 
сәйкессіздігінен жұмыс тоқтап қалған кездегі орташа жалақыны сақтауға; 
3.1.19. біліктілігіне, жұмыстың ауырлығына, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, 
сондай-ақ еңбек шарттарына сәйкес еңбек ақы тӛлеміне; 
3.1.20. Қазақстан Республиқасының заңдарымен кӛзделген жағдайлардан басқа ӛзінің
дербес мәліметтеріне, қызметқердің дербес мәліметтерін қамтитын жазбалардың 
кӛшірмелерін алу құқығына тегін мүмкіндік; 
3.1.21. Еңбек кодексі талаптарын бұзумен жасалған бұрыс немесе толық емес дербес 
мәліметтерді алып тастауға; 
3.1.22. жүргізілген түзетулер туралы Қызметкердің бұрын хабарланған бұрыс немесе толық 
емес дербес мәліметтер жӛнінде Жұмыс берушінің хабарлауын талап етуге; 
3.1.23. оның дербес мәліметтерін әзірлеу кезінде жіберілген Жұмыс берушінің
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағымдануға; 
3.1.24. тәртіптік жазаға шағымдануға; 
3.1.25. оның шарттарына сәйкес осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет